8 ақпан 4082

Букаева Амина Захаровна

Диссертациялық кеңестің философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешімі

  6D071200-Машина жасау, 6D071600 - Аспап жасау мамандықтары бойынша Диссертациялық Кеңесі «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» 2019 жылғы 13 наурыз  № 1 отырыс хаттамасына сәйкес келесі шешім қабылдады: Философия докторы (PhD) дәрежесі 6D071200-Машина жасау мамандығы бойынша Букаева Амина Захаровнаға берілсін.

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарлама

     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша докторант Букаева Амина Захаровнаның «Қатты тау жыныстарынан беткі блоктарды өңдеу үшін термодинамикалық жұмыс органының конструкциясын жасау және зерттеу» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өткізіледі.

Диссертациялық жұмыс Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» кафедрасында орындалған.

Қорғау орыс тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Поветкин Виталий Васильевич - техника ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

2. Хандожко Александр Владимирович - техника ғылымдарының докторы, Брянск мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, Брянск қ., Россия.

Рецензенттер:

1. Ли Сергей Васильевич – техника ғылымдарының докторы, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ Автомобиль-Жол Академиясының профессоры, Алматы қ., Қазақстан (мамандық шифры 05.05.04).

2. Каржаубаев Адил Сагинбекович - техника ғылымдарының кандидаты, Евразия технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан (мамандық шифры 05.03.01).

Диссертацияны қорғау 2019 жылы «13» наурызында, сағат 10-00-де Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Машина жасау институты ғимараты, 105 кабинет.

Сайт адресі: www.kaznitu.kz e-mail: amina_bukaeva@mail.ru

Ғылыми хатшы: к.ф.м.н. Бактыбаев М.К., e-mail: murat.baktybayev@gmail.com, тел: 8-777 292 52 44, 257-73-59





Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту