Ербосынова Анаргүл Серікқазықызы
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Ербосынова Анаргүл Серікқазықызының 6D070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Манипуляторлы роботтың программалық траекторияларын жоспарлау модельдері, әдісі, және алгоритмдері» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Бейсембаев Акамбай Агибаевич – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
2. Павленко Петр Николаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық авиациялық университетінің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы, Киев қ., Украина.
Ресми рецензенттер:
1. Денисова Наталья Федоровна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Цифрлық офицер, «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы. H-индексі – 5.
2. Утепбергенов Ирбулат Туремуратович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. H-индексі – 5.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
1. Мамырбаев Оркен Жумажанович – PhD, қауымдастырылған профессор, Ақпараттық және есептеу технологиялар институты директорының орынбасары, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, H-индексі – 11.
2. Оспанов Ербол Аманғазыұлы – «6D070200-Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасы, «Шәкәрім атындағы Университет» КЕАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы. H-индексі – 9.
3. Иманбек Бағлан Талғатқызы - PhD докторы, «Жасанды Интеллект және Big Data» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. H-индексі – 4.
Қорғау 2025 жылғы 26 ақпан күні, сағат 15:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде өтеді. Мекенжайы: 050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі 22/5, ҚКОО корпусы, 4-қабат, 401-аудитория.
Онлайн форматта қатысу үшін алдын ала тіркелу сілтемесі:
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/kz/protection
Докторанттың e-mail адресі: anara.yerboss@gmail.com
Ғалым хатшы: PhD докторы, қауымдастырылған профессор Кальпеева Ж.Б., e-mail: z.kalpeyeva@satbayev.university, тел.: +7 (727) 292 11 56.