Кабдрахманова Айнур Канатовна
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 8D07108 – «Жаңа органикалық және полимерлік материалдарды синтездеу мен өндірудің негізгі процестері» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторант Кабдрахманова Айнур Канатовнаның «Янтарь қышқылы туындыларының күміс ионымен комплексі негізіндегі биобелсенді зат алу» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғайды.
Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған. Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Селенова Багадат Саматовна – химия ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің «Химиялық және биохимиялық инженерия» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
2. Сабу Томас – PhD, профессор, Махатма Ганди университетінің Наноғылым және нанотехнология мектебінің директоры, Коттаям қаласы, Керала штаты, Үндістан.
Рецензенттер:
1. Ақылбеков Нұрғали Икрамұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасының бас ғылыми қызметкері, Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі (h-индекс) – 8, докторанттың 8D07108 – «Жаңа органикалық және полимерлік материалдарды синтездеу мен өндірудің негізгі процестері» білім беру бағдарламасы бойынша Scopus базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары журналдарда жарияланған 10-нан астам мақалалары бар;
2. Қазанқапова Майра Құттыбайқызы – PhD, қауымдастырылған профессор, «Көмір химиясы және технологиясы институты» жетекші ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, Астана қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) – 7, докторанттың 8D07108 – «Жаңа органикалық және полимерлік материалдарды синтездеу мен өндірудің негізгі процестері» білім беру бағдарламасына сәйкес Scopus базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары журналдарда жарияланған 6-дан астам мақалалары бар.
А.К. Кабдрахманованың диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кенестің уакытша мүшелері:
1. Муталиева Ботагөз Жақсылыққызы – химия ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Биотехнология» кафедрасының доценті, Шымкент қ., Қазақстан. Хирш индексі – 9, докторанттың 8D07108 – «Жаңа органикалық және полимерлік материалдарды синтездеу мен өндірудің негізгі процестері» білім беру бағдарламасы бойынша Scopus базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары журналдарда жарияланған 8-ден астам мақаласы бар;
2. Сапахова Загипа Бейсеновна – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының «Селекция және биотехнология» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі – 7, докторанттың 8D07108 – «Жаңа органикалық және полимерлік материалдарды синтездеу мен өндірудің негізгі процестері» білім беру бағдарламасы бойынша Scopus базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары журналдарда жарияланған 8-ден астам мақаласы бар;
3. Есімова Орынкүл Арықбекқызы – химия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Хирш индексі – 3, докторанттың 8D07108 – «Жаңа органикалық және полимерлік материалдарды синтездеу мен өндірудің негізгі процестері» білім беру бағдарламасы бойынша Scopus базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары журналдарда жарияланған 6-дан астам мақаласы бар.
Диссертацияны қорғау 2025 жылы «19» қыркүйекте, сағат 14.00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өтеді: 050013, Алматы қ., Қаныш Сәтпаев көш., 22, Мұнай корпусы, 316 аудитория.
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection, e-mail: kabdrahmanovaajnur4@gmail.com
Ғалымхатшы: PhD Аязбаева А.Е. a.ayazbayeva@satbayev.university, тел.: +7 (702) 787 75 67