Касымбаев Алексей Валерьевич
Докторлық диссертацияны қорғау туралы
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 8D05301 – Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторант Касымбаев Алексей Валерьевичтің «Көпкомпонентті нитридті жабындардың микроструктурасы мен трибомеханикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғайды.
Жұмыс Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде орындалып, және мақалалар сериясы түрінде ұсынылған. Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Тұрлыбекұлы Аманжол – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, "National Laboratory Astana" ЖМ, Астана, Қазақстан Республикасы
- Погребняк Александр Дмитриевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Украинананың ғылым мен техниканың еңбегі сіңген қайраткері, Сумы мемлекеттік университетінің профессоры, Сумы, Украина
Рецензенттер:
- Алдабергенова Тамара Мустафаевна – PhD докторы, "Ядролық физика институты", аға ғылыми қызметкер. «8D05301 – Техникалық физика» мамандығы бойынша 5 ғылыми жарияланымы бар.
- Асқарұлы Қыдыр – PhD докторы, Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ ассоц. профессоры, "Bes Saiman Group" ЖШС Өндіріс сұрақтары бойынша директор орынбасары, Алматы, Қазақстан. «8D05301 – Техникалық физика» мамандығы бойынша (Scopus) CiteScore 35-тен жоғары 5-тен астам ғылыми жарияланымы бар.
А.В. Касымбаевтың диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Курбанбеков Шерзод Рустамбекович – PhD докторы, Ахмет Ясауи университетінің Жаратылыстану ғылыми-зерттеу институтының директоры. «8D05301 – Техникалық физика» мамандығы бойынша 5 ғылыми жарияланымы бар.
- Жаканбаев Эльдар Асхатович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, ион-плазмалық технологиялар зертханасының меңгерушісі, «Ядролық физика институты». «8D05301 – Техникалық физика» мамандығы бойынша (Scopus) CiteScore 35-тен жоғары 5-тен астам ғылыми жарияланымы бар.
- .Сейдулла Жанибек – PhD докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы. «8D05301 – Техникалық физика» мамандығы бойынша (Scopus) CiteScore 35-тен жоғары 5-тен астам ғылыми жарияланымы бар.
Диссертацияны қорғау 2025 жылы «10» желтоқсан, сағат 11:00-да, мына мекен-жайда өтеді: 050013, г. Алматы, Cәтбаев көш. 22, Тау-металлургия ғимараты, Б.Рақышев атындағы 257-нші аудитория.
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection
Zoom-ға сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/84869254773
Ғалым-хатшы: Доктор PhD, Әсембаева Ә.Р . e-mail: a.assembayeva@satbayev.university , тел.: +7 (707) 718 4551