Хамза Ерлан Ерғалиұлы
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде Хамза ЕрланЕрғалиұлының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Туф тау жыныстарын пайдалануарқылы жеңіл құрылымды бетон технологиясын дамыту» тақырыбындағы докторлықдиссертацияны қорғау өтеді. Докторанттың оқу бағдарламасы 8D07305 - «Құрылыс жәнеқұрылыс материалдары және құрылымдары өндірісі» бойынша.
Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетіндеорындалып, диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Диссертациялық жұмыс ПЦФ BR21882292 «Тұрақты құрылыс саласын интеграциялықдамыту: инновациялық технологиялар, өндірісті оңтайландыру, ресурстарды тиімді пайдаланужәне технологиялық парк құру» жобасы аясында орындалған.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілері:
Жугинисов Маратбек Тұрабайұлы – техникалық ғылымдар докторы, «Құрылыс жәнеқұрылыс материалдары» кафедрасының профессоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттықтехникалық зерттеу университеті.
Селяев Владимир Павлович – Ресей сәулет-құрылыс ғылымдары академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университетінің Сәулет және құрылыс институтының Құрылыс конструкциялары кафедрасының меңгерушісі (Саранск, Ресей).
Хамза Ерлан Ерғалиұлының диссертациялық жұмысы бойынша уақытша комиссия құрамы:
1. Лұқпанов Рауан Ермағамбетұлы – PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Сәулет және құрылыс факультеті «Өндірістік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының профессоры. ЖШС «Solid Research Group» аға ғылыми қызметкері, Хирш индексі (h-index) –9, SCOPUS мәліметтер базасы бойынша индекстелген шетелдік журналдарда 57 мақала авторы.
2. Көпжасаров Бахадыр Тастанбекұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасының профессоры, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Сәулет, құрылыс және көлік» Факультетінің профессоры, Хирш индексі (h-индекс) – 4, 8D07305 – «Құрылыс материалдары мен конструкцияларының құрылысы және өндірісі» докторантының білім беру бағдарламасы бойынша докторанттың мамандығы бойынша (Scopus) CiteScore рейтингінде 35-тен жоғары 7 ғылыми жарияланымы бар;
3. Қасымова Мариам Тохтахуновна - техника ғылымдарының докторы, Қырғыз-Ресей Славян университетінің "Құрылыс" кафедрасының профессоры, Бішкек қ., Қырғыз Республикасы, 8D07305-"Құрылыс және құрылыс материалдары және құрылымдары өндірісі" докторанты бойынша РИНЦ индекстеу жүйесіне кіретін басылымдарда 20 - дан астам ғылыми жарияланымдар бар.
Рецензенттер:
1. Монтаев Сәрсенбек Әлиакпарұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің индустриалды-технологиялық институтының директоры, Орал қаласы, Қазақстан; Хирш индексі (h-индекс) – 15, Scopus - та 8D07305 - "Құрылыс және құрылыс материалдары және құрылымдары өндірісі" ББ бойынша 30 дан астам ғылыми жарияланым бар;
2. Сартаев Дәулет Тұрысұлы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, ХОК Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) ТПГС кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ. Хирш индексі (h-индекс) – 1, Scopus - та 8D07305 - "Құрылыс және құрылыс материалдары және құрылымдары өндірісі" ББ бойынша 4 ғылыми жарияланым бар;
Қорғау 2025 жылдың 20 наурызында, сағат 15:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде өтеді. Мекен-жайы: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Мұнай ғимараты, 3-қабат, 316-аудитория.
MS Teams сілтемесі:
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection
Докторанттың электронды поштасы: y.khamza@satbayev.university
Ғылыми хатшы: техникалық ғылымдар докторы, профессор Ақмалайұлы К., е-mail: k.akmalaiuly@satbayev.university