Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
8 желтоқсан 140

Қуандықова Ақнұр Ерханқызы

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеу техникалық университетінде Қуандықова Ақнұр Ерханқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Мырыш және қорғасын зауытының қалдықтарын қолдана отырып цемент клинкерін өндірудің энергияны аз қажет ететін технологиясы» тақырыбындағы докторлық диссертацияны қорғау өтеді. Докторанттың оқу бағдарламасы 8D07190 – «Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» бойынша. Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде орындалып, диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.

Қорғау мемлекеттік тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесші:

Таймасов Бахитжан Таймасович – техника ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Потапова Екатерина Николаевна – техника ғылымдарының докторы, профессор, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті, Ресей Федерациясы.

Ресми рецензенттер:

  1. Ниязбекова Римма Калманбаевна – техника ғылымдарының докторы, «Көлік техникасы, технологиялар және стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының профессоры, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ (Астана қ., Қазақстан Республикасы), h-index – 4;
  2. Мирюк Ольга Александровна - техника ғылымдарының докторы, профессор, Экономика және құрылыс жоғары мектебі, Рудный индустриялық университеті (Рудный қ., Қазақстан Республикасы), h-index – 6.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Калиева Жанар Ералиновнатехника ғылымдарының кандидаты, «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығының шифры: 05.17.11 – Силикатты және балқуы қиын бейметалл материалдар технологиясы. 8D07190 – «Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» ББ бойынша 10 – нан астам Scopus деректер базасындағы ғылыми жарияланым және ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған жарияланымы бар, Хирш индексі – 5;

2. Монтаев Сарсенбек Алиакбарұлы – техника ғылымдарының докторы, «Құрылыс материалдары және технологиялары» ғылыми-зерттеу зертханасының басшысы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығының шифры: 05.17.11 – Силикатты және балқуы қиын бейметалл материалдар технологиясы. Scopus дерекқорында 30-дан астам ғылыми жарияланымдары және ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған 10 жарияланымдары бар, соның ішінде 8D07190 – «Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» ББ бойынша жарияланымдары бар, Хирш индексі – 15;

3. Бажиров Нурлыбек Сайфутдинович техника ғылымдарының докторы, «Химиялық технологиялар және техника» Ғылыми-өндірістік бірлестігі ЖШС директоры (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығының шифры: 05.17.11 – Силикатты және балқуы қиын бейметалл материалдар технологиясы. Scopus дерекқорында 5 ғылыми жарияланым және 8D07190 – «Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» ББ бойынша ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған жарияланымы бар, Хирш индексі – 3.

 

Қорғау 2026 жылғы 9 қантарда сағат 11-00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде 050013, Алматы қ., Сәтбаев қ., 22, Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты, 2 қабат, 257 аудитория мекенжайы бойынша өтеді.

 

MS Teams сілтемесі:

Қуандықова Ақнұр Ерханқызының докторлық диссертацияны қорғау | Meeting-Join | Microsoft Teams

Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection

Докторанттың электронды поштасы: aknur.01.07.94@mail.ru

Ғылыми хатшы: т.ғ. к., доцент Ш. Н. Кубекова,

e-mail: s.kubekova@satbayev.university , тел.: +7(708) 456 32 91


 


Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту