Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
29 мамыр 726

Кунарбекова Махаббат Сейт-Задаевна

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеу техникалық университетінде Кунарбекова Махаббат Сейт-Задаевнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Ластанған судан радионуклидтерді кетіру үшін модификацияланған көміртекті материалдарды алу» тақырыбындағы докторлық диссертацияны қорғау өтеді. Докторанттың оқу бағдарламасы 8D07109 - «Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар» бойынша. Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеу техникалық университетінде орындалып, диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.

Қорғау ағылшын тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесшілері:

  • Азат Сейтхан - PhD, профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.

Шетелдік ғылыми кеңесші:

  • Rosa Busquets - PhD, қауымдастырылған профессор, Жаратылыстану ғылымдары, фармация және химия кафедрасы, Кингстон университеті, Ұлыбритания.

Ресми рецензенттер:

  1. Нұрбол Орынбасарұлы Аппазов – химия ғылымдарының кандидаты, "Инжинирингтік технологиялар" кафедрасының зерттеуші профессоры. Қорқыт Ата университеті (Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы), h-index-9;
  2. Исаева Асем Бахытжанқызы- PhD, аға ғылыми қызметкер, "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны" ЖШС. (Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылы, Қазақстан Республикасы), h-index – 4.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Тұрғанбай Сейтжан - PhD, "Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы" АҚ, жаңа заттар және материалдар зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығының шифры: 6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар. Scopus деректер базасында CiteScore бойынша 35 – тен жоғары 10 ғылыми жарияланым бар, оның ішінде "8D07109 – Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар" ББ бойынша 6-дан жоғары, Хирш индексі-4;
  2. Онгарбаев Ердос Калимуллаулы - химия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығының шифры: 02.00.13 - Мұнай химиясы. "8D07109 – Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар" ББ бойынша Scopus дерекқорында және ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған 60 ғылыми жарияланымдары бар, Хирш индексі-10;
  3. Төлендіұлы Санат – Ph.D,  Қауымдастырылған профессор, ғарыш инженериясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы энергетика және байланыс университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығының шифры: 6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар мамандығының шифры. Scopus дерекқорында 19 – дан астам ғылыми жарияланым және "8D07109 – Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар" ББ бойынша ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған 22 жарияланымы бар, Хирш индексі-5.

Қорғау 2025 жылғы 30 маусымда сағат 14-00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде 050013, Алматы қ., Сәтбаев қ., 22, О. А. Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институты, 2 қабат, 257 аудитория мекенжайы бойынша өтеді.

MS Teams сілтемесі:

https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_NWQzODNkNTctNTRjMC00MGM0LWFmNTAtMWQyMmU0M2VmYmNm%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%2249cc33db-453b-4ada-aaee-63c5dcd64f9c%22%2c%22Oid%22%3a%229ac513c5-a5b6-44ca-b763-e975f84e446c%22%7d

Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection

Докторанттың электронды поштасы: m.kunarbekova@satbayev.university

Ғылыми хатшы: т.ғ. к., доцент Ш. Н. Кубекова,

e-mail: s.kubekova@satbayev.university , тел.: +7(708) 456 32 91

Диссертация қорғаудың бейнежазбасы: Защита PhD.mp4

 



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту