Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
18 маусым 41

Маханбетова Бактыгул Алимжанқызы

Докторлық диссертация қорғау туралы

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторант Маханбетова Бактыгул Алимжанқызының «Шалқия кен орнының табиғи оксидті және сульфидті техногенді мырышқұрамды шикізатын кешенді өңдеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді. Диссертациялық жұмыс 8D07220 – Металлургия білім беру бағдарламасы бойынша орындалған.

Жұмыс М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған. Қорғау орыс тілінде өтеді.

 

Ғылыми кеңесшілер:

Шевко Виктор Михайлович – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Силикаттар технологиясы және металлургия» кафедрасы, «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ., Қазақстан).

Лавров Борис Александрович – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Бейорганикалық заттар және жоғары температуралы материалдар» факультеті, «Электротермиялық және плазмохимиялық өндіріс технологиясы» кафедрасы, Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты (техникалық университеті) (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы).

 

Рецензенттер:

1. Квятковский Сергей Аркадьевич – техника ғылымдарының докторы, «Түсті ауыр металлдардың пирометаллургиясы» зертханасының меңгерушісі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан). 8D07220 – «Металлургия» мамандығы бойынша (Scopus) CiteScore-і 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланымы бар.

2. Багашарова Женисгүл Тельманқызы – техника ғылымдарының кандидаты, «Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, (Алматы қ., Қазақстан). 8D07220 – «Металлургия» мамандығы бойынша (Scopus) CiteScore-і 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланымы бар.

 

Маханбетова Б.А. диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кенестің уакытша мүшелері:

1. Чепуштанова Татьяна Александровна – PhD докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, О.А. Байконуров атындағы Тау-кен металлургия институты, «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

2. Ашим Хаумдас – Герман-Моңғол ресурстар және технологиялар институтының профессоры, Моңғолия ұлттық инженерлік академиясының академигі (Улан-Батор, Моңғолия). 8D07220 – «Металлургия» мамандығы бойынша (Scopus) CiteScore-і 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланымы бар.

3. Шаяхметова Роза Әбдірахманқызы – техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы «Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК сирек металдар зертханасының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан), 8D07220 – «Металлургия» мамандығы бойынша (Scopus) CiteScore-і 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланымы бар.

 

             Диссертацияны қорғау 18 шілде 2025 ж., сағат 15:00-де, мына мекен-жайда өтеді: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі 29/133, Уәлиханов көшесінің қиылысы, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ ғимаратының конференц-залы.

 

Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection

 

Zoom-ға сілтеме: https://us04web.zoom.us/j/79082086080?pwd=QaK49NdaiEiGaCW9cusIrbnb0s4jS2.1

 

Ғылыми хатшы: ф.-м.ғ.к. Мамаева А.А. e-mail: a.mamayeva@satbayev.university, тел.: +7 (747) 850 32 34

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту