23 желтоқсан 2064

Назирова Әсем Бақдаулетқызы

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-да (ҚазҰТЗУ) 6D070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін, докторант Назирова Әсем Бақдаулетқызы «Жаһандық оңтайландыру әдістерін қолдана отырып гравиметриялық бақылау деректерін өңдеуге арналған ақпараттық жүйе құру (гравиметрияның тікелей міндеттерін шешу мысалында)» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғайды.

Жұмыс «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-да орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.

Қорғау орыс тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Абдолдина Фарида Наурызбаевна – техника ғылымдарының кандидаты, AlmaU академиялық артықшылық және әдіснама басқармасының директоры, Алматы қ., Қазақстан.

2. Дубовенко Юрий Иванович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Украина Ұлттық Ғылым академиясының С.И. Субботин атындағы Геофизика институтының аға ғылыми қызметкері, Киев қ., Украина.

Ресми рецензенттер:

1. Рысбайұлы Болатбек – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ., Қазақстан.

2. Бостанбеков Қайрат Аратович – PhD докторы, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, Астана қ., Қазақстан.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:

  1. Смайылова Сәуле Сансызбайқызы – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан.
  2. Қазизат Такаудинұлы Ысқақов – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Есептеу техникасы» кафедрасының меңгерушісі, Гуимлев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ., Қазақстан.
  3. Мансурова Мадина Есимханқызы – физика-математика ғылымдарының «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан.
  4. Бектемысова Гүлнара Үмітқұлқызы – техника ғылымдарының кандитаты, «Компьютерлік инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, АҚ Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ., Қазақстан.
  5. Әмірғалиев Бейбіт Еділханұлы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Astana IT University, Астана қ., Қазақстан.
  6. Қасымова Айжан Бақытжанқызы – PhD докторы, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары, «Қ.И.  Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан

Диссертацияны қорғау 2023 жылы 23 қантар, сағат 14-00-те, келесі мекен-жайда өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22/5, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, ҚКҒО, 401 аудитория.

Сайт адресі: https://official.satbayev.university; e-mail: asem_berlibaeva@mail.ru    

Алдын ала жазылу бойынша онлайн форматта қатысу үшін сілтеме: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ac6j7vxDZtdC6Zb4zI3B4SVhBgYncX5HW5ebiPNR3RPI1%40thread.tacv2/1671602109936?context=%7b%22Tid%22%3a%2249cc33db-453b-4ada-aaee-63c5dcd64f9c%22%2c%22Oid%22%3a%22984bcb8d-7b90-4d63-b627-be0fe63ca8fb%22%7d

Ғылыми хатшы: PhD докторы Кальпеева Ж.Б., e-mail: z.kalpeyeva@satbayev.university, тел.: +7 (727) 2577044



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту