Ниетбай Саят Ержанұлы
Ниетбай Саят Ержанұлы
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде Ниетбай Саят Ержанұлының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «сейсмикалық оқшаулау жүйелерін орнату арқылы сәулет ескерткіштерінің геотехникалық сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы докторлық диссертацияны қорғау өтеді. Докторанттың оқу бағдарламасы 8D07303 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру» бойынша.
Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде орындалып, диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Диссертациялық жұмыс ПЦФ BR21882292 «Тұрақты құрылыс саласын интеграциялық дамыту: инновациялық технологиялар, өндірісті оңтайландыру, ресурстарды тиімді пайдалану және технологиялық парк құру» жобасы аясында орындалған.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
Бесімбаев Ерік Тұрашұлы – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының профессоры.
Talal Awwad – PhD, профессор, Император I Александр атындағы Петербург мемлекеттік көлік университетінің Инженерлік-құрылыс факультеті (Санкт-Петербург, Ресей).
Ниетбай Саят Ержанұлының диссертациялық жұмысы бойынша уақытша комиссия құрамы:
- Бегалиев Ұлықбек Тұрдалиевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инновациялық технологиялар университеті, Бішкек, Қырғызстан. Хирш индексі (h-индекс) - 4, докторанттың мамандығы бойынша Scopus базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми мақалалары бар (8D07303 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру»).
- Шоқбаров Ералы Мейрамбекұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «ҚазНИИСА» АҚ өндіріс бойынша басқарушы директоры, Алматы, Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) - 2, докторанттың мамандығы бойынша Scopus базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми мақалалары бар (8D07303 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру»).
- Үтепов Елбек Бахитович – PhD докторы, "Құрылыс" кафедрасының профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Сәулет-құрылыс факультеті, Астана қаласы, Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) - 8, докторанттың мамандығы бойынша Scopus базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 13-тен астам ғылыми мақалалары бар (8D07303 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру»).
Рецензенттер:
- Омаров Абдулла Рахметұлы - Ph.D., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Сәулет-құрылыс факультеті "Құрылыс" кафедрасының аға оқытушысы, Астана, Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) - 10, Scopus базасында 22-ден астам ғылыми мақалалары бар, 8D07303 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру» мамандығы бойынша.
- Тимур Тұрсынқұлұлы - PhD, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің “Сәулет және қала құрылысы” кафедрасының аға оқытушысы, Шымкент. Хирш индексі (h-индекс) - 6, Scopus базасында 15-тен астам ғылыми мақалалары бар, 8D07303 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру» мамандығы бойынша.
Қорғау 2024 жылдың 15 қарашасында, сағат 15:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде өтеді. Мекен-жайы: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Мұнай ғимараты, 3-қабат, 316-аудитория.
MS Teams сілтемесі:
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection
Докторанттың электронды поштасы: s.niyetbay@satbayev.university
Ғылыми хатшы: техникалық ғылымдар докторы, профессор К.Акмалайұлы, е-mail: k.akmalaiuly@satbayev.university