Нуракынов Серик Маратович
Докторлық диссертация қорғауы туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D071100 – «Геодезия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторант Нуракынов Серик Маратовичтың «Спутниктік технологияларды пайдалана отырып, тау криосферасының құрамдас бөліктерінің жағдайын бағалау» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғайды. Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде орындалған, диссертация мақалалар сериясы түрінде ұсынылған. Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер :
- Байгурин Ж.Д.– техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры.
- Ding Xiao-li – PhD, Гонконг политехникалық университетінің геоматика кафедрасының профессоры.
Рецензенттер:
- Сарыбаев Едил Саутович – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Картография және геоинформатика" кафедрасының доценті м.а., 6D071100 – Геодезия. h-index – 1;
- Алтаева Асель Абдикеримкызы– PhD докторы, Халықаралық білім беру корпорациясы «Геодезия және картография, кадастр» кафедрасының қауымдастырылған профессоры; h-index – 3;
С.М. Нуракыновтың диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кенестің уақытша мүшелері:
- Карл Вах - техникалық ғылымдар кандидаты, Чехия (Прага қ.) Фотограмметрия бойынша білім беру құрылыс институтының бас директоры, 6D071100 – Геодезия. h-index – 6.
- Пентаев Толеубек - техника ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық ғылыми-зерттеу институтының «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының профессоры, 6D071100 – «Геодезия». h-index – 4;
- Шамганова Ляззат Саевна – техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Д.А. Қонаев атындағы тау-кен ісі институтының Геомеханика бөлімінің меңгерушісі.. h-index – 4;
Диссертацияны қорғау 2025 жылғы 27 тамызда сағат 10:00-де Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде мына мекенжай бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Тау-кен металлургия корпусы, ауд. 257.
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/en/protection, e-mail: s.nurakynov@ionos.kz
С.М. Нуракыновтың докторлық диссертациясын қорғау туралы youtube-тегі бейнеге сілтеме: https://youtu.be/YkwD2BLnodE
Teams-қа сілтеме:
Ғалымхатшы: т. ғ. к. Мейрамбек Г.М., e-mail: g.meirambek@satbayev.university, тел.: +7 (778) 849 60 58