Садуов Алишер Берикжанович
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде 8D07104 - «Мұнай-газ және кен геофизикасы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Садуов Алишер Берікжанұлының «Қазақстанның және шетел мемлекеттерінің минералогиялық, ұңғымалық және өңірлік геологиялық-геофизикалық деректері мысалында геоболжау міндеттерін шешуде жасанды интеллектті құру және қолдану технологиясы» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғау өтеді.
Жұмыс «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КЕАҚ-да орындалды және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылды.
Диссертация қорғауы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетіндегі «Геология, гидрогеология және геофизика» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте (ББ бойынша «6D070600 - «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау/8D07205 - «Қатты пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау»/8D07206 - «Мұнай және газ геологиясы»; 6D075500/8D05202 - «Гидрогеология және инженерлік геология»; 8D07104 - «Мұнай-газ және кен геофизикасы»)» өтеді.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесші:
Шарапатов Абиш Шарапатович - геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, «Геофизика және сейсмология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Приезжев Иван Иванович - техника ғылымдарының докторы, профессор, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің барлау геофизикасы және компьютерлік жүйелер кафедрасы, «Приезжев зертханасы» ЖШС бас директоры.
Ресми рецензенттер:
- Хачикян Галина Яковлевна - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан, Хирш индексі = 6.
- Ахметжанов Айтбек Жамсатович - геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Британ техникалық университеті Геология мектебінің қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан, Хирш индексі = 3.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Кулаков Иван Юрьевич - геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент-мүшесі, «Сколково ғылым және технологиялар институты» автономды коммерциялық емес жоғары білім беру ұйымының көмірсутектерді өндіру ғылымы мен технологиялары орталығы, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы, Хирш индексі = 43.
- Узбеков Нурсарсен Болатаевич - физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС «Геодинамикалық және сейсмикалық процестер физикасы» зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, Хирш индексі = 1.
- Портнов Василий Сергеевич - техника ғылымдарының докторы, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан, Хирш индексі = 10.
Қорғау 2026 жылғы 5 маусымда сағат 14:00-де «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КЕАҚ-да мына мекенжай бойынша өтеді: 050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22, Бас оқу ғимараты, 5-қабат, 520-аудитория.
Онлайн форматта қатысуға арналған сілтеме:
https://teams.microsoft.com/l/team/19%3ATTT0laAHEXdbbQyg17OVd_m0Nfmhw5iO2ARcdqOdeD01%40thread.tacv2/conversations?groupId=e5eadc5d-6c4e-4c9b-aac2-0792591c308f&tenantId=49cc33db-453b-4ada-aaee-63c5dcd64f9c
Сайт мекенжайы:
https://official.satbayev.university/ru/protection
Докторанттың e-mail:
a.saduov@satbayev.university
Ғалым хатшы: техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ауелхан Е.С.
e-mail:
y.auyelkhan@satbayev.university