Садықов Батырхан Болатұлы
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарлама
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 6D071100 – «Геодезия» мамандығы бойынша докторант Садықов Батырхан Болатұлының «ГАЖ технологиясын пайдалану негізінде кенорнынды қарқынды игеру жағдайында тәуекелдерді басқару әдісін жетілдіру» тақырыбындағы PhD философия докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғауы өтеді.
Диссертация жұмысы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі: орыс.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Байгурин Жаксыбек Джакупбекович – техника ғылымдарының докторы, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.
2. Stelling Wilgelm - техника ғылымдарының докторы, Георг Агрикола атындағы техникалық университеттің профессоры (Бохум қ., Германия).
Рецензенттер:
1. Низаметдинов Фарит Камалович - техника ғылымдарының докторы, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті.
2. Сарыбаев Еділ Сауытович-PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Картография және геоинформатика" кафедрасының доценті.
Қорғау 2022 жылдың 16 маусымында сағат 10-00-да Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050013, Алматы қ., Сәтпаев к-сі 22, Тау-кен металлургия корпусы, 252 ауд.
Алдын ала жазылу бойынша онлайн форматта қатысу үшін сілтеме:
e-mail: batyrkhan_sadykov@mail.ru
Ғылыми хатшы: техника ғылымдарының кандидаты, ассоц.профессор Кыргизбаева Г.М., e-mail: g.kyrgizbayeva@satbayev.university,
тел.: 8 778 849 60 58.