Сағындық Әйгерім Бекенқызы
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D071900 –«Радиотехника, электроника және телекоммункация» мамандығы бойынша докторант Сағындық Әйгерім Бекенқызының «Симметрияның екі жазықтығына ие иммерсионды электронды линзаның қасиеттерін зерттеу» тақырыбында философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өткізіледі.
Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Электротехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасында орындалған. Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Ибраев А.Т. – физика-математика ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры;
2. Михайлов П.Г. – техникалық ғылымдар докторы, К.Г. Разумовский атындағы технология мен басқарудың Мәскеу мемлекеттік университетінің Пензалық филиалы университетінің профессоры (Ресей).
Рецензенттер:
1. Дәуменов Т. – физика-математика ғылымдарының докторы, Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры (01.04.04 – «Физикалық электроника»);
2. Тайсариева К.Н. – доктор PhD, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің сениор лекторы (6D071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»).
Қорғау 2017 жылдың 25 желтоқсанында, сағат 14-00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің келесі мекен жайы бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Бас оқу ғимараты, 206 а аудитория.
Университеттің сайты:www.kaznitu.kz, e-mail: aiko_.90@mail.ru
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар бойынша Диссертациялық кеңестің Ғылыми хатшысы:
Омирбекова Жанар Жумаханкызы – PhD, ассистент профессор. Байланыс деректері: zhanar_omirbekov@mail.ru.