Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
10 ақпан 146

Сапарғалиев Данияр Серікұлы

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру

 

            Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде, білім беру бағдарламасы 8D05202 - «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша «Ақтөбе облысындағы Жем артезиан бассейнінің бор шөгінділерінің жерасты суларының қалыптасуы және игеру перспективасы» тақырыбында Сапарғалиев Данияр Серікұлының докторлық диссертациясы қорғалады.

           

Жұмыс «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ - да орындалды және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылды.

           

Қорғау орыс тілінде өтеді. 

 

Ғылыми кеңесшілер:

1) Мұртазин Ермек Жамшитұлы – г.-м.ғ.к., «У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС-нің ғылыми жұмыстар бойынша директор орынбасары, Алматы қ., Казақстан. Хирш индексі (h-индекс): 6.

 

2) Мирлас Владимир Моисеевич – т.ғ.д., Ариэль университетінің химиялық инженерия кафедрасының профессоры, Ариэль қ., Израиль. Хирш индексі (h-индекс): 8.

 

Ресми рецензенттер:

            1) Хаустов Александр Петрович – геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының сарапшысы, Экология институтының жетекші маманы, Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу қ., Ресей. Хирш индексі (h-индекс) – 6.  

            2) Павличенко Людмила Михайловна – география ғылымдарының докторы (мамандығы – гидрогеология бойынша техника ғылымдарының кандидаты), профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті, 6D075500 – Гидрогеология және инженерлік геология мамандығы, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) – 2.

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:  

1) Дутова Екатерина Матвеевна – геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ФГАОУ ВО «Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті» ИШПР Геология бөлімшесі, Томск қ., Ресей. Хирш индексі (h-индекс) – 9.

2) Шакибаев Илан Исатаевич – техника ғылымдарының докторы, ҚР АМР академигі, ҚР СРжИМ «Зоналық гидрогеология-мелиорациялық орталығы» РММ гидрогеология-мелиорациялық ізденістерді мониторингтеу және цифрландыруды қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) – 1.

 3) Жақып Алтынай Елубайқызы – 6D075500 – «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), «Қазгеоплюс» ЖШС, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) – 1.

           

            Диссертацияны қорғау 2026 жылы 13 наурызда сағат 15:00-де, келесі мекен-жайда өтеді: У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көш., Ш. Уәлиханов, 69/94, сондай-ақ Microsoft Teams платформасындағы онлайн форматқа сілтеме бойынша.

 

Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection;

 

Докторант e-mail: rgzgroup1@gmail.com

 

Алдын ала жазылу бойынша онлайн форматта қатысу үшін сілтеме: https://teams.live.com/meet/9346334643542?p=rJK4DY3IBlC339Kbi6

 

Ғылыми хатшы: техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әуелхан Ерғали Сатышұлы         

Е-mail: y.auyelkhan@satbayev.university ,

Тел.: +7 707 829 01 61.



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту