Сарсембеков Турар Кусманович
Докторлық диссертация қорғау туралы
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторант Сәрсембеков Тұрар Құсманұлының «Титан тетрахлоридін өндіру үрдісінде ниобий қосылыстарын ілеспе алу технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді. Диссертациялық жұмыс «6D070900 – Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша орындалған.
Зерттеу Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған. Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Чепуштанова Татьяна Александровна – техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Тау-кен-металлургиялық институт, «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасы, «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ» КЕАҚ (Алматы қ., Қазақстан).
- Янко Тарас Богданович – PhD докторы, бас ғылыми директор, UNDERSLAB LTD OOD (Бургас қ., Болгария).
Рецензенттер:
- Абдулина Сауле Амангельдыевна – PhD докторы, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ-ның металлургия және пайдалы қазбаларды байыту факультетінің қауымдастырылған профессоры (Өскемен қ., Қазақстан). 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша (Scopus) CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары кемінде 5 ғылыми жарияланымы бар.
- Суримбаев Бауржан Нуржанович – PhD докторы, өнеркәсіптік экология жөніндегі «Казмеханобр» ҒӨӨБ-нің ғылыми саласы бойынша Директордың орынбасары, қауымдастырылған профессоры, (Алматы қ., Қазақстан); 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша (Scopus) CiteScore 35-тен жоғары кемінде 5 ғылыми жарияланымы бар.
Сәрсембеков Т.Қ. диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Панайотова Маринелла – PhD докторы, профессор, Әулие Иван Рильский атындағы Тау-кен-геологиялық университеті (София қ., Болгария).
- Шарипов Рустам Хасанович – PhD докторы, Қазақстан-Британ техникалық университетінің «Перспективті материалдар және технологиялар» зертханасының жетекшісі (Алматы қ., Қазақстан); 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша (Scopus) CiteScore 35-тен жоғары кемінде 5 жарияланымы бар.
- Есенгазиев Азамат Муратович – PhD докторы, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ-ның титан және сирек отқа төзімді металдар зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан); 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша (Scopus) CiteScore 35-тен жоғары кемінде 5 жарияланымы бар.
Диссертацияны қорғау 2025 ж. 28 қарашада, сағат 11:00-де, мына мекен-жайда өтеді: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі 29/133, Уәлиханов көшесінің қиылысы, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ ғимаратының конференц-залы.
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection
Zoom-ға сілтеме: https://us04web.zoom.us/j/77937876714?pwd=6SW4tjFo1G7mt3a8MeiHJE1L3RU6mw.1
Ғылыми хатшы: ф.-м.ғ.к. Мамаева А.А. e-mail: a.mamayeva@satbayev.university, тел.: +7 (747) 850 32 34