Саржанов Нияз Жасуланович
Саржанов Нияз Жасуланович
Докторлық диссертация қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде Саржанов Нияз Жасулановичтың «Ғимараттардың әртүрлі конструкциялық схемаларын ескере отырып, Қазақстандағы тұрғын үй қорын қайта жаңартудың ерекшеліктері» тақырыбындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертациясын 8D07302 – «Сәулет және қала құрылысы» білім беру бағдарламасы бойынша қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде» КеАҚ орындалып, диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған. Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Самойлов Константин Иванович – сәулет докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дің «Сәулет» кафедрасының профессоры;
- Томас Уильям Чёрч (Thomas William Schurch) – философия докторы (PhD), АҚШ, Клемсон университетінің "Ландшафттық және қалалық дизайн" кафедрасының профессоры.
Саржанов Н.Ж. диссертациясы бойынша диссертациялық кеңестің уақытша құрамы:
1. Банцерова Ольга Леонидовна – сәулет кандидаты, академиялық профессор, "Сәулет" кафедрасының доценті, Мәскеу Сәулетшілер одағының мүшесі, Ұлттық зерттеу Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы. Хирш индексі (h -индекс) - 4, Scopus базасында 14 және БҒССҚК 4-тен астам ғылыми жарияланымы бар;
2. Абдрасилова Гүлнара Сейдаһметқызы – ҚР Құрметті сәулетшісі, сәулет докторы, академиялық профессор, Халықаралық білім беру корпорациясы / КазГАСА, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) – 5. 8D07302 – «Сәулет және қала құрылысы» білім беру бағдарламасы бойынша Scopus базасында индекстелетін 10-нан астам ғылыми жарияланым авторы;
3. Төлеген Жайна Жанайқызы – философия докторы (PhD), жетекші ғылыми қызметкер, «Алматыгенплан» ғылыми-зерттеу институты, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-index, Scopus) — 3, 8D07302 – «Сәулет және қала құрылысы» білім беру бағдарламасы мамандығы бойынша CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары журналдарда Scopus базасында индекстелетін 3-тен астам ғылыми жарияланым авторы.
Рецензенттер:
- Корнилова Алла Александровна – ҚР Құрметті сәулетшісі, сәулет докторы, профессор, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) – 5. 8D07302 – «Сәулет және қала құрылысы» білім беру бағдарламасы бойынша Scopus базасында индекстелетін 10 ғылыми жарияланым авторы;
- Глаудинова Мехрибану Бекримжановна - Сәулет ғылымының докторы, Халықаралық Білім Беру Корпорациясының қала құрылысы кафедра меңгерушісі, Алматы, Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) - 2, Scopus базасында 4 және БҒССҚК 3 ғылыми мақалалары бар, 8D07302 – «Сәулет және қала құрылысы» оқу бағдарламасы бойынша.
Диссертациялық жұмысты қорғау 2026 жылғы 11 наурызда сағат 16:00-де келесі мекенжайда өтеді: НАО «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті», 050013, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22, Мұнай корпусы, 3-қабат, 316-аудитория.
Веб-сайт мекенжайы: https://official.satbayev.university/ru/protection
Онлайн форматта қатысуға арналған сілтеме:
General | Диссертационный совет по направлению "Архитектура и строительства" | Microsoft Teams
Ғылыми хатшы: PhD докторы, Бердіқұл Н.И.,
е-mail: n.berdikul@satbayev.university