Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
5 мамыр 28

Саурыков Жанибек Жоламанович

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде 8D07104 - «Мұнай-газ және кен геофизикасы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Саурыков Жанибек Жоламанұлының «Кешенді аэрогеофизикалық зерттеулермен Орталық Қазақстандағы Сарысу-Теңіз көтерілімнің рудалылығын бағалау және геологиялық құрылымын зерттеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғау өтеді.

Жұмыс «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КЕАҚ-да орындалды және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылды.

Диссертация қорғауы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетіндегі «Геология, гидрогеология және геофизика» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте (ББ бойынша «6D070600 - «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау/8D07205 - «Қатты пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау»/8D07206 - «Мұнай және газ геологиясы»; 6D075500/8D05202 - «Гидрогеология және инженерлік геология»; 8D07104 - «Мұнай-газ және кен геофизикасы»)» өтеді.

Қорғау орыс тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесші:

Истекова Сара Аманжоловна — геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің Геофизика және сейсмология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Агата Дучмал-Черникевич — PhD докторы, доцент, Адам Мицкевич атындағы университет (Польша).

Ресми рецензенттер:

1.              Пак Юрий Николаевич — техника ғылымдарының докторы, профессор, А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан, Хирш индексі = 7.

2.              Ахметжанов Айтбек Жамсатович — геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан-Британ техникалық университетінің Геология мектебі, Алматы қ., Қазақстан, Хирш индексі = 3.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.              Портнов Василий Сергеевич — техника ғылымдарының докторы, профессор, А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Хирш индексі = 6;

2.              Степаненко Надежда Павловна — техника ғылымдарының кандидаты, ҚР ТЖМ Сейсмология институты, докторанттың мамандығы бойынша CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары (Scopus) дерекқорында 2-ден астам ғылыми жарияланымы бар, Scopus халықаралық дерекқорындағы Хирш индексі = 2;

3.              Трусов Алексей Андреевич — техника ғылымдарының кандидаты, «ГНПП Аэрогеофизика» АҚ бас геофизигі. 70-тен астам жарияланымның авторы және бірлескен авторы, ғылыми қызығушылығы — сейсмикалық емес әдістерді өңдеу және интерпретациялау, геологиялық-геофизикалық деректерді кешенді интерпретациялау. Мәскеу қ., Ресей, Хирш индексі = 4.

Қорғау 2026 жылғы 5 маусымда сағат 16:00-де «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КЕАҚ-да мына мекенжай бойынша өтеді: 050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22, Бас оқу ғимараты, 5-қабат, 520-аудитория.

Онлайн форматта қатысуға арналған сілтеме:
https://teams.microsoft.com/l/team/19%3ATTT0laAHEXdbbQyg17OVd_m0Nfmhw5iO2ARcdqOdeD01%40thread.tacv2/conversations?groupId=e5eadc5d-6c4e-4c9b-aac2-0792591c308f&tenantId=49cc33db-453b-4ada-aaee-63c5dcd64f9c

Сайт мекенжайы:
https://official.satbayev.university/ru/protection

Докторанттың e-mail:
z.saurykov@satbayev.university

Ғалым хатшы: техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ауелхан Е.С.

e-mail:
y.auyelkhan@satbayev.university



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту