Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
13 ақпан 57

Сейтказина Гульнур Саркытбековна

 

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D071100 – «Геодезия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторант Сейтказина Гульнур Саркытбековнаның «Жоғары дәлдікті геодезиялық өлшеулер негізінде спорттық имараттардың деформациялық үрдістерін геобақылау» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Жұмыс «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ - да орындалды және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылды. Қорғау орыс тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Солтабаева Сауле Темирболатовна – техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Хирш индексі (h-индекс) – 7.

2. Шульц Роман (Shults Roman) – техника ғылымдарының докторы, Король Фахд атындағы Мұнай және пайдалы қазбалар университетінің (Дахран, Сауд Арабиясы) профессоры. Хирш индексі (h-индекс) – 10.

Ресми рецензенттер:

1) Халықаралық білім беру корпорациясы «Геодезия және картография, кадастр» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры Хирш индексі (h-индекс) – 1.

2) Садықов Батырхан Болатұлы – PhD докторы, «Leica Geosystems Қазақстан» ЖШС координаторы. Хирш индексі (h-индекс) – 1.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:

1) Карл Вах – техника ғылымдарының кандидаты, Фотограмметриялық оқу құрылыс институтының бас директоры (Чехия). Хирш индексі (h-индекс) – 6.

2) Курманбаев Олжас Сейтботанович – PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Картография және геоинформатика» кафедрасының доцент м.а. Хирш индексі (h-индекс) – 2.

3) Уразалиев Асет Сейсенбекович – PhD, «Жерсеріктік және геодинамикалық зерттеулер» зертханасының меңгерушісі, «Ионосфера институты» ЖШС. Хирш индексі (h-индекс) – 3.

Диссертацияны қорғау 2026 жылы 18 наурызда сағат 11:30-да, келесі мекен-жайда өтеді: Алматы қ., 050013, Қ.И. Сәтбаев к., 22, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Тау-кен металлургия ғимараты, 257 аудитория.

Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection;

Докторант e-mail: g.seitkazina@satbayev.university

Алдын ала жазылу бойынша онлайн форматта қатысу үшін сілтеме:

https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19:x0Z7ZwTYZkcZsGYdQI2CklUaLnUlH7oXlAA_FveCMv81@thread.tacv2/1648705740868?context=%7B%22Tid%22:%2249cc33db-453b-4ada-aaee-63c5dcd64f9c%22,%22Oid%22:%22a448cc90-6d6d-486b-bc33-5da0db718746%22%7D

Ғылыми хатшы: техника ғылымдарының кандидаты, профессор Мейрамбек Г.

Е-mail: g.meirambek@satbayev.university 

Тел.: +7 (778) 849 60 58



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту