Шампикова Асель Хаиржановна
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D070700 – Тау-кен ісі мамандығы бойынша докторант Шампикова Асель Хаиржановнаның «Карьерлердегі күрделі құрылымды кен блоктарын игерудің ресурс сақтайтын технологиясын негіздеу» тақырыбында PhD философия докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғалады. Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Тау-кен ісі» кафедрасында орындалған. Диссертациялық жұмыс орыс тілінде қорғалады.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Рақышев Баян – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры;
2. Jan Drenda – техника ғылымдарының докторы Силез техникалық университетінің профессоры (Польша, Гливице қаласы).
Рецензенттер:
1. Бояндинова Асия Адылкановна - техника ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атындағы тау-кен институтың ғылыми хатшысы, мамандық шифры 25.00.22 – Геотехнология (жерасты, ашық және құрылыс).
2. Заурбекова Нурбике Джумабаевна - техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Физика» кафедрасының аға оқытушысы, мамандық шифры 25.00.22 – Геотехнология (жерасты, ашық және құрылыс).
Жұмысты қорғау 2017 жылдың 20 желтоқсанында, сағат 14.30-да Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің келесі мекен жайында өтеді: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Мұнай-газ ғимараты, Конференц-зал.
Сайт адресі: www.kaznitu.kz, e-mail: : asel_0889@bk.ru
ДК ғылыми хатшысы: Земцова А.В - т.ғ.к., ассоциацияланған профессоры.
e-mail: zlina_2410@mail.ru, тел. +7(771) 4073983