Тасболатова Лаура Талгатқызы
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Тасболатова Лаура Талгатқызының 8D07101 – «Автоматтандыру және роботтандыру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «ҚР көлік дәліздеріндегі поездар қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде деректерді беру кезіндегі қауіпсіздік мәселелерін зерттеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Жұмыс «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамда орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
-
Орынбет Марат Маханбетулы – техника ғылымдарының кандидаты, «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
-
Сансызбай Қанибек Мұратбекұлы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының профессор-зерттеушісі, «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
-
Ульрих Машек (Ulrich Maschek) – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (PD Dr.-Ing. habil), «Теміржол сигнализациясы және транспорттық қауіпсіздік технологиялары» кафедрасының меңгерушісі м.а., Дрезден техникалық университеті (Technische Universität Dresden), Дрезден қаласы, Германия.
Ресми рецензенттер:
-
Кисманова Айгерим Абилкасимовна - техника ғылымдарының кандидаты, «Электр жабдықтарын пайдалану» кафедрасының аға оқытушысы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі (h-индексі) – 3.
-
Абжанова Лауласын Қосылғановна - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі (h-индексі) – 2.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
-
Юничева Надия Рафкатовна - техника ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, Хирш индексі (h-индексі) – 5.
-
Кадиров Ёркин Баходирович (Kadirov, Yorkin B.) – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, Навои мемлекеттік тау-кен технологиялық институты (НМТИ), Навои қ., Өзбекстан Республикасы. Хирш индексі (h-индексі) – 6;
-
Жамангарин Дусмат Саматұлы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасының меңгерушісі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі (h-индексі) – 3.
Қорғау 2025 жылғы 19 желтоқсан күні, сағат 14:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өтеді. Мекенжайы: 050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі 22/5, ҚКОҒ, 4-қабат, 401-аудитория.
Онлайн форматта қатысу үшін алдын ала тіркелу сілтемесі:
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/kz/protection
Докторанттың e-mail адресі: egaolaura@gmail.com
Ғалым хатшы: PhD докторы, қауымдастырылған профессор Кальпеева Ж.Б., e-mail: z.kalpeyeva@satbayev.university, тел.: +7 (727) 320-40-16.