Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
5 қыркүйек 45

Тастанова Айша Ербулатовна

Докторлық диссертация қорғау туралы

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде Тастанова Айша Ербулатқызының докторлық диссертациясын қорғауы өтеді. Тақырыбы: «Хромит және марганец кендерін байыту қалдықтарын қайта өңдеу технологиясын әзірлеу және ферроқорытпа өндірісіне арналған окатыштар алу», білім беру бағдарламасы 8D07204 – Металлургиялық инженерия бойынша.

Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде және «Металлургия және байыту институты» АҚ-да орындалып, диссертациялық еңбек түрінде ұсынылған. Қорғау орыс тілінде өткізіледі.

Ғылыми кеңесшілері:

  • Ержан Итеменұлы Күлдеев – PhD докторы, техникалық ғылымдар кандидаты, профессор, О.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты, «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ (Алматы қ., Қазақстан).
  • Браджендра Мишра – философия докторы (PhD), профессор, Вустер политехникалық институты (WPI), АҚШ, Массачусетс штаты, Вустер қ.

Рецензенттер:

  1. Досмұрат Қызылбаевич Айтқұлов – техникалық ғылымдар докторы, профессор, ҚР «Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК директорының орынбасары; 8D07204 – Металлургиялық инженерия мамандығы бойынша (Scopus) базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.
  2. Ерлан Ұланұлы Жұмағалиев – техникалық ғылымдар кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының меңгерушісі; 8D07204 – Металлургиялық инженерия мамандығы бойынша (Scopus) базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.

А.Е. Тастанованың диссертациясы бойынша диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Валиев Хұсайын Хасенұлы – техникалық ғылымдар докторы, профессор, Қостанай өңірлік университетінің Қолданбалы биотехнология ҒЗИ бас ғылыми қызметкері; 8D07204 – Металлургиялық инженерия мамандығы бойынша (Scopus) базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.
  2. Ковалев Павел Валерьевич – техникалық ғылымдар кандидаты, доцент, Санкт-Петербург Политехникалық университетінің (РФ) Физика және материалдар технологиясы жоғары мектебі; 8D07204 – Металлургиялық инженерия мамандығы бойынша (Scopus) базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.
  3. Бердікулова Феруза Асанқызы – техникалық ғылымдар кандидаты, ҚР «Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК аға ғылыми қызметкері; 8D07204 – Металлургиялық инженерия мамандығы бойынша (Scopus) базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.

Қорғау 2025 жылғы 13 қазанда, сағат 9:00-де «Металлургия және байыту институты» АҚ-да өтеді. Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Шевченко көш., Валиханов көшесінің қиылысы, 29/133, конференц-зал. Веб-сайт: https://official.satbayev.university/ru/protection

Zoom сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/87805757340?pwd=QnI8wczLCamjFdEF6rpmo4xzPzh9dZ.1

Ғылыми хатшы: физика-математика ғылымдарының кандидаты А.А. Мамаева. E-mail: a.mamayeva@satbayev.university Тел.: +7 (747) 850-3234



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту