1 сәуір 2502

Токтамисова Салтанат Махмутовна

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарлама

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 6D070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша докторант Токтамисова Салтанат Махмутовнаның «Құрама сорапты қондырғыны пайдалана отырып уран кен орындарындағы өндіру ұңғымаларының пайдалану тиімділігін арттыру» тақырыбындағы PhD философия докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғауы өтеді.

Диссертация  жұмысы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Тау-кен ісі» кафедрасында орындалған.

Қорғау тілі: орыс.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Мырзахметов Бейбит Абикенович – техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры (Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ).

2. Сладковский Александр Валентинович – техника ғылымдарының докторы, Силез техникалық университетінің профессоры (Катовице қ., Польша).

Рецензенттер:

1. Кабдулов Серик Зейнуллич –  техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА академигі, «Мұнай-газ инженериясы» кафедрасының профессоры, Қазақстан-Британ техникалық университеті.

2. Граф Александра Юрьевна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан ядролық университеті.

Токтамисова С.М. диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық Кеңес мүшелерінің уақытша құрамы:

1. Орынгожин Ерназ Советович – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА «Тау-кен-геология» бөлімі төрағасының орынбасары, Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институтында «Жер қойнауын өндірудің арнайы әдістері» зертханасының меңгерушісі.

2. Кабдулов Серик Зейнуллич –  техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА академигі, «Мұнай-газ инженериясы» кафедрасының профессоры, Қазақстан-Британ техникалық университеті.

3. Музгина Вера Сергеевна – техника ғылымдарының докторы, ХАА академигі, ғылыми қызметкер «ВИСТ Азия» ЖШС.

Қорғау 2022 жылдың 4 мамырында сағат 11-30-да  Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050013, Алматы қ., Сәтпаев к-сі 22, Тау-кен-металлургия ғимараты, 252ауд.

Алдын ала жазылу бойынша онлайн форматта қатысу үшін сілтеме:

https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19:x0Z7ZwTYZkcZsGYdQI2CklUaLnUlH7oXlAA_FveCMv81@thread.tacv2/1648705740868?context=%7B%22Tid%22:%2249cc33db-453b-4ada-aaee-63c5dcd64f9c%22,%22Oid%22:%22a448cc90-6d6d-486b-bc33-5da0db718746%22%7D

e-mail: salta.mahmood@gmail.com

Ғылыми хатшы: техника ғылымдарының кандидаты, ассоц.профессор Кыргизбаева Г.М., e-mail: g.kyrgizbayeva@satbayev.university, тел.: 8 778 849 60 58.

 

Кездесудің видеожазбасы: https://youtu.be/kfrv4VffzDw

 



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту