Төлегенова Әйгерім Қайратқызы
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде Төлегенова Әйгерім Қайратқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Химиялық қоспалар қолдана отырып тұтасқұймалы бетонның құрамын есептеу» тақырыбындағы докторлық диссертацияны қорғау өтеді. Докторанттың оқубағдарламасы 8D07305 - «Құрылыс және құрылыс материалдары және құрылымдары өндірісі» бойынша.
Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде орындалып, диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Диссертациялық жұмыс ПЦФ BR21882292 «Тұрақты құрылыс саласын интеграциялықдамыту: инновациялық технологиялар, өндірісті оңтайландыру, ресурстарды тиімді пайдаланужәне технологиялық парк құру» жобасы аясында орындалған.
Қорғау ағылшын тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілері:
Ақмалайұлы Кенжебек – техникалық ғылымдар докторы, «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының профессоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.
Gintautas Skripkiunas – PhD, профессор, Гедимин атындағы Вильнюс техникалық университетінің Құрылыс материалдары институтының жетекші ғылыми қызметкері (Вильнюс қ., Литва).
Төлегенова Әйгерім Қайратқызының диссертациялық жұмысы бойынша уақытша комиссия құрамы:
1. Иманов Марат Өмірбекұлы — техника ғылымдарының кандидаты, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Cәулет-құрылыс факультетінің деканы, Хирш индексі (h – индексі) - 3, (Scopus) citescore-да 8D07305 - "Құрылыс және құрылысматериалдары және құрылымдары өндірісі" докторанты ББ бойынша 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланымдар бар;
2. Сәрсенбаев Нұрали Бақытжанұлы - PhD докторы, "Құрылыс материалдары, құрылысжәне сәулет" ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, құрылыс материалдары бойынша 100-ден астамғылыми жарияланымдардың, SCOPUS дерекқорларымен индекстелген шетелдік журналдарда 7 мақаланың, ҚР 3 патентінің авторы.
3. Қасымова Мариам Тохтахуновна - техника ғылымдарының докторы, Қырғыз-РесейСлавян университетінің "Құрылыс" кафедрасының профессоры, Бішкек қ., ҚырғызРеспубликасы, 8D07305-"Құрылыс және құрылыс материалдары және құрылымдары өндірісі" докторанты бойынша РИНЦ индекстеу жүйесіне кіретін басылымдарда 20 - дан астам ғылымижарияланымдар бар.
Рецензенттер:
1. Колесникова Инна Владимировна - техника ғылымдарының докторы, Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультетінің қауымдастырылған профессоры, Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА кампусы), Алматы, Қазақстан. Хирш индексі (h-индексі) - 1, Scopus - та 8D07305 - "Құрылыс және құрылыс материалдары және құрылымдары өндірісі" ББ бойынша 2 ғылыми жарияланым бар;
2. Ниязбекова Римма Қалманбайқызы - техника ғылымдарының докторы, "Стандарттау, метрология және сертификаттау" кафедрасының профессоры, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КЕАҚ, Астана қ. Хирш индексі (h-индексі) - 4, Scopus - та 8D07305 - "Құрылыс және құрылыс материалдары және құрылымдары өндірісі" ББ бойынша 15-тен астам ғылыми жарияланымдар бар.
Қорғау 2025 жылдың 7 ақпанда, сағат 15:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеутехникалық университетінде өтеді. Мекен-жайы: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Мұнай ғимараты, 3-қабат, 316-аудитория.
MS Teams сілтемесі:
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection
Докторанттың электронды поштасы: a.tolegenova@satbayev.university
Ғылыми хатшы: техникалық ғылымдар докторы, профессор Е.Т. Бесимбаев, е-mail: y.bessimbayev@satbayev.university