Турлыкожаева Дана Абдикумаровна
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Турлыкожаева Дана Абдикумарқызының 8D06201 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Сымсыз желілерді бағыттаудың информациялық-энтропиялық әдісі» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Ахтанов Саят Нүсіпбекұлы – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Электроника және астрофизика» кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
1. Вуйцик Вальдемар – техника ғылымдарының докторы, Люблин техникалық университетінің «Электроника және ақпараттық технологиялар» кафедрасының профессоры, Люблин қ., Польша.
Ресми рецензенттер:
1. Албанбай Нұртай – PhD, қауымдастырылған профессор, «Киберқауіпсіздік, ақпаратты өңдеу және сақтау» кафедрасы, Автоматика және ақпараттық технологиялар институты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. h-индексі – 3.
2. Мұхамеджанова Альмира Дәлелханқызы – PhD, қауымдастырылған профессор, «Телекоммуникациялық инженерия» кафедрасы, Гумарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. h-индексі – 3.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
1. Таштай Ерлан – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің «Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, Алматы, Қазақстан, h-индексі – 4.
2. Мусабаев Рустам Рафиқұлы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі Ғылым Комитетінің Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының Ақпараттық процестерді талдау және модельдеу зертханасының меңгерушісі, Алматы қ. h-индексі – 7;
3. Айтмағамбетов Алтай Зұфарұлы – техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық байланыс академиясының академигі, профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ., Қазақстан. h-индексі – 6.
Қорғау 2025 жылғы 11 маусым күні, сағат 14:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде өтеді. Мекенжайы: 050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі 22/5, ҚКОО корпусы, 4-қабат, 401-аудитория.
Онлайн форматта қатысу үшін алдын ала тіркелу сілтемесі:
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/kz/protection
Докторанттың e-mail адресі: dana.turlykozhayeva@kaznu.edu.kz
Ғалым хатшы: PhD докторы, қауымдастырылған профессор Кальпеева Ж.Б., e-mail: z.kalpeyeva@satbayev.university, тел.: +7 (727) 292 11 56.