Урынбасарова Алтын Жумаситовна
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Урынбасарова Алтын Жумаситовнаның 6D070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Жүйелердегі сигналдарды өңдеу мәселелерін шешу үшін гибридті түрлендірулерді құру» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Жұмыс «Нархоз Университеті» КеАҚ-да орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
-
Утепбергенов Ирбулат Туремуратович - техника ғылымдарының докторы, профессор, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
-
Мохд Юнус Бхат (Mohd Younus Bhat) - PhD доктор, профессор, Ислам ғылым және технология университеті, Авантипора, Кашмир, Үндістан.
Ресми рецензенттер:
-
Бектемысова Гульнара Умиткуловна - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, «Компьютерлік инженерия» кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі (h-индексі) – 10.
-
Сербин Василий Валерьевич - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, «Киберқауіпсіздік, ақпаратты өңдеу және сақтау» кафедра меңгерушісінің м.а., Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі (h-индексі) – 3.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
1. Пак Александр Александрович - техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, «Үлкен деректерді интеллектуалды талдау» зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, Хирш индексі (h-индексі) – 7.
-
Таштай Ерлан – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі (h-индексі) – 4;
-
Сансызбай Қанибек Мұратбекұлы – 6D070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Киберқауіпсіздік» кафедрасының зерттеуші-профессоры, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі (h-индексі) – 3.
Қорғау 2025 жылғы 27 тамыз күні, сағат 15:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өтеді. Мекенжайы: 050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі 22/5, ҚКОО корпусы, 4-қабат, 401-аудитория.
Онлайн форматта қатысу үшін алдын ала тіркелу сілтемесі:
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/kz/protection
Докторанттың e-mail адресі: 8azhb@mail.ru
Ғылыми хатшы: PhD докторы, қауымдастырылған профессор Кальпеева Ж.Б., e-mail: z.kalpeyeva@satbayev.university, тел.: +7 (727) 292 11 56.