Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
15 сәуір 108

Жылқыбек Мағира

 

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 8D07101 – «Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторант Жылқыбек Мағираның «Метанның терең тотығуындағы оксидті катализаторларының белсенді компонентінің фазасын тұрақтандыру заңдылықтары» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғайды.

 

Жұмыс әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, «Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ-да орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған. Қорғау қазақ тілінде өтеді.

 

Ғылыми кеңесшілер:

1. Байжуманова Толкын Сапарбековна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институтының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).

2. Xanthopoulou G.G. - PhD, профессор, Демокрит ұлттық зерттеу орталығының Наноғылым және нанотехнологиялар институтының профессоры (Афины қ., Грекия).

Рецензеттер:

1. Василина Гулзира Кажмуратовна - химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Алматы технологиялық университетінің Стратегиялық даму департаментінің директоры (Алматы қ., Қазақстан).. Хирш индексі (h-индекс) – 5, докторанттың 8D07101 – «Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы бойынша CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары Scopus базасында 10-нан астам жарияланымы бар;

2. Турманов Рахымжан Ахметханович – PhD, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға ғылыми қызметкері (Қызылорда қ., Қазақстан). Хирш индексі (h-индекс) – 5, 8D07101 – «Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы бойынша (Scopus) базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 15-тен астам жарияланымы бар.

 

Жылқыбек Мағираның диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кенестің уакытша мүшелері:

1. Иманбаев Ержан Иманбайұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, Жану мәселелері институтының Мұнай-химиялық процестер зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан). Хирш индексі – 6, 8D07101 – «Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы бойынша (Scopus) базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 5-тен астам жарияланымы бар.

2. Құдайбергенов Нұрболат Жарылқасынұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Химия кафедрасының доценті, (Алматы қ., Қазақстан). Хирш индексі – 9, 8D07101 – «Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы бойынша (Scopus) базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 5-тен астам жарияланымы бар.

3. Курманбаева Индира Алтаевна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-зерттеушісі, (Алматы қ., Қазақстан). Хирш индексі – 9, 8D07101 – «Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы бойынша мамандығы аясында (Scopus) базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 7-ден астам жарияланымы бар.

 

Диссертацияны қорғау 2026 жылы «19» мамырда, сағат 14.00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өтеді: 050013, Алматы қ., Қаныш Сәтпаев көш., 22, Басты оқу корпусы, 503 аудитория.

 

Сайт адресі:https://official.satbayev.university/ru/protection, e-mail: magira.zhylkybek.90@mail.ru

MS Teams-қа сілтеме: https://teams.microsoft.com/meet/49112485288768?p=UWvuOo1juQGldHRTf1

Ғалым хатшы: PhD Аязбаева А.Е. a.ayazbayeva@satbayev.university, тел.: +7 (702) 787 75 67

 

 

 



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту