AP22788736 «Энергияны сақтау жүйелері үшін иондық полимерлер ретінде полиамфолиттер синтезі мен зерттеу негізі»
Жоба өзектілігі
Энергия сақтау жүйелері қазіргі уақытта әлемдік энергетика мен экология саласында маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жаңартылатын энергия көздері мен электрлі көліктердің дамуының артуы бұл мәселеге ерекше назар аударуды қажет етеді. Энергия сақтау жүйелерінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін жаңа материалдар мен технологияларды зерттеу маңызды. Полимерлер, оның ішінде полиамфолиттер, энергияны сақтау саласындағы жаңа мүмкіндіктерді ұсынады, бірақ олардың қасиеттері мен қолдану аясы әлі толық зерттелмеген. Бұл жобаның өзектілігі осы бағыттағы ғылыми ізденістерді тереңдетіп, полиамфолит негізіндегі полимер электролиттерінің жаңа тиімді шешімдерін табуға бағытталған.
Жоба мақсаты
Жобаның мақсаты энергия сақтау жүйелері үшін жоғары зарядталған полиамфолит негізіндегі полимер электролиттерін синтездеудің ғылыми негіздерін жасау, сонымен қатар олардың физика-химиялық, механикалық, реологиялық және өткізгіштік қасиеттерін зерттеу.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Жобаның сәтті жүзеге асырылуы энергия сақтаудың озық жүйелерінде пайдалану үшін полиамфолит негізіндегі электролиттердің синтезі мен зерттеулерінің негізін қамтамасыз етудің жаңа тәсілін дамытуға көмектесуі мүмкін . Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасынын сақтау саласында және аккумуляторлық технологиялардағы қолдану саласында жаңа кластерді құруға әкелуі мүмкін
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Ғылыми жетекшісі Төлеутай Гаухар