AP23484034 «Күрделі жағдайларда ұңғыма қабырғаларын бекіту кезінде сапаны, тәуекелді жағдайларды және шешім қабылдауды бағалау әдістемесін әзірлеу»
Жоба өзектілігі
Ұңғымаларды цементтеу технологиялары мұнай және газ кен орындарын пайдалану кезінде қабырғалардың сенімділігін қамтамасыз ету мен ұзақ мерзімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Геологиялық жағдайлардың күрделенуі мен ұңғымалардың тереңдігінің артуымен цементтеу сапасына қойылатын талаптар да өсуде. Цементтеу сапасын бағалау әдіснамасын жетілдіру және авариялық жағдайлардың туындау тәуекелдерін басқару ұңғымаларды пайдалану тиімділігін арттыру және апаттарды болдырмау үшін өте маңызды. Барлық факторларды ескере отырып, жаңа цементтеу технологиялары мен жүйелерін әзірлеу ұңғымалардың қабырғаларының герметикалықтығы мен беріктігінің бұзылу қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін.
Жоба мақсаты
Цементтеу сапасын бағалау және авариялық жағдайлардың туындау тәуекелдерін басқару жүйесінің әдіснамасын жетілдіру негізінде ұңғымалардың қабырғаларын бекітудің тиімділігін арттыру болып табылады.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Тампонаж ерітінділерінің құрамын талдау және реттеу, ұңғымалардың қабырғаларын бекіту сапасын арттыру мәселесін зерделеудің қазіргі жай-күйіне бағалау жүргізілді. Осы жоба шеңберінде зерттеудің негізгі қағидаттары мен міндеттері негізделді. Әр түрлі тампонаждық жүйелер мен технологияларды құру және енгізу бойынша жұмыстарға сыни талдау жүргізіліп, ұңғымалардың қабырғаларын бекіту кезінде қолданылған технологиялық шешімдер мен зерттеу нәтижелері талданды. Цемент ерітіндісінің сапа көрсеткіштерінің құрамға тәуелділігін зерттеу жүргізілді және әртүрлі қоспалардың әсерін эксперименттік зерттеу қажеттілігі мен жолдары негізделді.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Ғылыми жетекшісі Молдабаева Гульназ Жаксылыковна