Әзиз Айдана Мырзабекқызы
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
Ассистент
Жобаларды басқару институты
Қазақ және орыс тілдері кафедрасы
Email: a.aziz@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Әзиз Айдана Мырзабекқызы Жоғарғы оқу орнында білім ала жүріп, еңбек жолын 2019 жылдан бастап №47 мемлекеттік жалпы білім беру мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бастаған. 2021-2023 жылдары № 53 мектеп-гимназиясында, №83 гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеген. Қосымша Aiplus жеке білім орталығында орыс тілінен тренер-репетитор болып жұмыс атқарған.
2019 жылы Астана қаласындағы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында өткен Республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиадаға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, орыс тілі және әлем әдебиеті кафедрасы атынан командалық жарысқа қатысып, жүлделі екінші орынға ие болған.
2020 жылы бакалавр дәрежесін алып, сол жылы магистратураға Орыс тілі және әдебиеті мамандығына екідипломды бағдарлама бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ресей халықтар достастығы университетіне оқуға түскен. 2022 жылы бірінші диплом бойынша Орыс тілі мен әдебиеті мамандыңы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі, екінші диплом бойынша Филология магистрі атанды.
Қазіргі уақытта Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде Жобаларды басқару институтының Қазақ және орыс тілдері кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.
Білімі
1.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалавр. 2020 жыл
2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ғылыми-педагогикалық бағыт, орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистр. 2022 жыл
3. Қосдипломды бағдарлама бойынша Ресей халықтар достығы университетінде Филология мамандығы бойынша магистр. 2022 жылЖарияланымдар
Профессор Л.А. Новиковтың 90 жылдығына арналған "Язык как искусство: функциональная семантика и поэтика" атты ғылыми-практикалық конференция: «Проявление телесности в повести «Джан» А.Платонова»
№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
---|