Бекенова Райхан Булатовна
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Доцент
Ассистент-профессор
Жобаларды басқару институты
Қазақ және орыс тілдері кафедрасы
Email: r.bekenova@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
1994 – 2004 – С.Асфендияров ат ҚазҰМУ 3. қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы
2004-2020- ҚБТУ Пән-Бастау факультетінің ассистент-профессоры
«Satbayev University» қазақ және орыс тілдері кафедрасында 2016 жылдан бері орыс тілінен және «Шешендік өнер негіздері» атты элективтік пәннен сабақ береді. Жоо-дағы оқыту тәжірибесі – 27 жыл.
Бірнеше ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің, сондай-ақ, жақын және алыс шетелдердегі жарияланымдардың авторы. Біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттары бар.
Өзінің қайталамасы жоқ оқыту даралығымен танылған, педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық әлеуеті жоғарылығы айқын мойындалған, студенттер арасында ерекше беделге ие жаңашыл-мұғалім. Жыл сайын дәстүрге айналған «БРБ-шоу» шарасының бастамашысы әрі ұйымдастырушысы.
Педагогиканың жаңа көкжиектері мен мүмкіндіктерін жаңашылдықпен дамытудың және оқу үдерісіндегі қалыпты әрі қасаң қағидаларды жоюдың жаңа жолдарын паш ететін, білім беру саласында оң өзгерістер жасауға бағытталған өзгеше сабақ түрлерін танытатын тренингтер, шеберлік-сыныптар өткізіп отырады.
Әлемнің 20 елінің орыс тілі пәні оқытушылары арасында өткен ХІІ Халықаралық Пушкин оқуларының жеңімпазы (Москва, 2012).
Білімі
1980-1984 – Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау педагогикалық институты, диплом ЖВ 225912
Жарияланымдар
1) Валентностные свойства отглагольных имён деятеля. Европейската наука ХХI века.- Варшава, Польша, 2013
2)Искусство современной презентации. X International scientific and practical conference “Trends of modern science”, May 30 – June 7, 2014 – Sheffield, UK
3)Синтаксические особенности субстантивных дериватов в современном русском языке. – ж. “Интерактивная наука”.- Чебоксары, 31.05.2017.
4) « Связь парадигматического и синтагматического аспектов семантики производного слова» в международном журнале «Наука и Мир» (№ 6 (58), июнь 2018) Импакт-фактор журнала 0.325 (Global Impact Factor, Австралия)