Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Dhanya Jaya Chandran Nair Sunanda Kumari

Dhanya Jaya Chandran Nair Sunanda Kumari

Ph.D. докторы

Аға оқытушы

Сәулет және құрылыс институты

Құрылыс және құрылыс материалдары кафедрасы

Email: d.jaya@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

2024 ж. сәуір – 2025 ж. желтоқсан — бас инженердің орынбасары, Engineers Diagnostic Centre (P) Ltd., Кочи қ., Үндістан.

2024 ж. қараша — шақырылған шетелдік профессор, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан.

2022 ж. мамыр – 2023 ж. желтоқсан — постдокторант, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан.

2022 ж. мамыр – 2023 ж. тамыз — шақырылған лектор, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан.

2022 ж. мамыр – 2023 ж. тамыз — техникалық үйлестіруші, Геотехника жөніндегі 17-Азиялық аймақтық конференция (ISSMGE), Қазақстан геотехникалық қоғамы, Астана қ., Қазақстан.

2019 ж. тамыз – 2022 ж. ақпан — оқытушы және ғылыми қызметкер, Өнеркәсіптік кеңес беру және демеушілік зерттеулер орталығы, Үндістан технологиялық институты Мадрас, Ченнаи қ., Үндістан.

2012 ж. шілде – 2013 ж. шілде — профессор ассистенті, SRM Valliammai инженерлік колледжі, Ченнай қ., Үндістан.

Білімі

Азаматтық құрылыс мамандығы бойынша техника ғылымдарының бакалавры (2010 ж.)

Геотехникалық инжиниринг мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі (2012 ж.)

Азаматтық құрылыс мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Үндістанның Мадрас технологиялық институты, Ченнаи қ. (2019 ж.)

Ғылыми жобалар

Dhanya J.S. ғылыми қызметі далалық зерттеулер нәтижелеріне негізделген инженерлік алдыңғы қатарлы аналитикалық және есептік модельдерді интеграциялауға бағытталған. Оның қазіргі және соңғы кезеңдегі кәсіби әрі ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары төмендегілерді қамтиды:

қадалардың көлденең жүктемелерге көтергіштік қабілетін сандық талдау және бағалау;

көпқабатты ғимараттар мен жерасты (жертөле) құрылыстары үшін іргетас конструкцияларын жобалауды оңтайландыру;

бетон және іргетас конструкцияларының пайдалану сипаттамаларын бағалауға арналған IoT технологияларына негізделген мониторинг жүйелерін әзірлеу;

инфрақұрылымдық объектілердің конструкциялық-техникалық жай-күйін бақылау және геотехникалық мониторинг жүргізу;

сейсмикалық қауіптілікті төмендету және іргетас жүйелерінің сейсмикалық және пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған инженерлік стратегияларды әзірлеу.

Жарияланымдар

Dhanya, J. S., Anil, A., Naskar, T., Boominathan, A., & Joseph, A. (2025). Monitoring ground vibration during blast induced demolition of coal tower and chimneys. In A. Juneja, A. Joseph, & D. S. Murty (Eds.), GeoVadis: The Future of Geotechnical Engineering (Vol. 1, 1st ed.)

Dhanya, J. S., Fouzul, M. A., Banerjee, S., Boominathan, A., & Zhussupbekov, A. (2023). Shaking table experiments on framed structure resting on geogrid reinforced geotechnical seismic isolation system. Bulletin of Earthquake Engineering, 21(8), 3823–3849.

Dhanya, J. S., Boominathan, A., & Banerjee, S. (2020). Response of low-rise building with geotechnical seismic isolation system. Soil Dynamics and Earthquake Engineering, 136, 106187.

Dhanya, J. S., Boominathan, A., & Banerjee, S. (2019). Performance of geo-base isolation system with geogrid reinforcement. International Journal of Geomechanics, 19(7), 04019073.

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл