Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Кабдрахманова Сана Канатбековна

Кабдрахманова Сана Канатбековна

Техникалық ғылымдар кандидаты

Қауымдастырылған профессор

Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

Химиялық және биохимиялық инженерия кафедрасы

Email: s.kabdrakhmanova@satbayev.university

Кәсіби өмірбаяны

Тұрақты органикалық ластаушы заттарды, атап айтқанда полихлор бифенилді (ПХБ) залалсыздандыру, наноцеллюлозалық материалдар мен  гидрогельдік сорбент және молекулалық іздері бар полимерлер синтездеугеғ сонымен қатар ауылшаруашылық тұқымдарын капсулалау саласы бойынша маманданған. Еңбек өтілі – 25 жылдан жоғары, оның ішінде оқытушылық еңбек өтілі - 25 жыл. Бірқатар ғылыми жобалар жетекшісі, көптеген ғылыми еңбектің, соның ішінде импакт-факторы нөлден жоғары журналдарға жарияланған мақалалар авторы. Бірқатар монографиялар мен оқулықтардың авторы. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің және Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректорының «Алғыс хаттарымен» және дипломдарымен марапатталған.

Білімі

1989 - 1994 жылдар

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, химия факультеті «Химия және жаратылыстану» мамандығы;

1996 - 2000 жылдар

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Электрохимия» мамандығы бойынша аспирантура;

2007 ж.

Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертацияны қорғады (Уфа, Башқұртстан Республикасы, РФ).