Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Кальпеева Жұлдыз Бейшенәліқызы

Кальпеева Жұлдыз Бейшенәліқызы

Ph.D. докторы

Қауымдастырылған профессор

Директор

Автоматика және ақпараттық технологиялар институты

Email: z.kalpeyeva@satbayev.university

H-index:
4

Докторанттардың саны:
2

Кәсіби өмірбаяны

2024 - қазіргі уақытқа дейін   Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты директоры

2021 - 2024   Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары

2019-2021 Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Ғылым департаментінің директоры

2018 - 2019 ж Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Компьютерлік техника және ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының ассистенті Оқыту пәндері: Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу құралдары, Мәліметтер қорын жобалау. SQL-ке кіріспе, Ақпараттық коммуникациялық технологиялар, Зерттеу негіздері.

2016 - 2018 жж Қазақ ұлттық аграрлық университеті Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі.

2006 - 2016 ж Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Ақпараттық-есептеу орталығының «Жаңа оқыту жүйелері»  меңгерушісі; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар орталығының бағдарламалау бөлімінің меңгерушісі, ақпараттық технологиялар департаментінің веб және мультимедиялық технологиялар бөлімінің меңгерушісі,  Компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясы кафедрасының доценті. Жобаларға қатысу: «Политех» корпоративтік ақпараттық жүйесі, білім беру порталы, электронды кітапхана және университет сайттары. Оқытатын пәндері: Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу құралдары, Бағдарламалық жүйелерді жобалау технологиялары, Бағдарламалық жүйелерді әзірлеу технологиялары, Android мобильді бағдарламалау.

2003-2006 Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Бішкек Оқытушы. Оқылатын пәндер: Компьютерлік ақпараттық жүйелерге, CASE-технологияларына кіріспе.

Білімі

2011-2014 жж Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 6D070400-Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша докторантура. 2001-2003 жж Ж.Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университеті, магистратура, мамандығы – компьютерлік ақпараттық жүйелер. (үздік дипломмен). 1997-2001 жж Қырғыз мемлекеттік ұлттық университеті, бакалавриат, мамандығы – компьютерлік ақпараттық жүйелер. (үздік дипломмен).