Киргизбаева Динара Мейрамбековна
Қауымдастырылған профессор
Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты
Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы
Email: d.kirgizbaeva@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Киргизбаева Динара Мейрамбекқызы 1985 жылы 11 қаңтарда Жезқазған (қазіргі Ұлытау) облысында дүниеге келген. Ғылыми-педагогикалық қызметін 2009 жылы ассистент, оқытушы, аға оқытушы, PhD докторы лауазымдарынан бастадым. Сабақтарым мемлекеттік және орыс тілдерінде өттеді.Педагогикалық еңбек жолын 2009 жылы ассистент болып бастады, қазіргі уақытта «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасында ассоц.профессор қызметін атқарамын.
Институт пен университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысты. Республикалық және халықаралық конференциялар мен форумдарды өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарына қатысты.
Білімі
2007 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Картография» мамандығы инженер-картограф біліктілігін қызыл дипломға бітіргенмін. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіргеннен кейін 2009-2011 жж маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының ассистенті болдым. 2011-2013 жж магистр деңгейі 2013 жылы 6М071100 – Геодезия мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғадым. 2013-2016 жылдары докторантурада оқыдым. 2016 жылы 6D071100-Геодезия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін берумен докторлық диссертациясын қорғадым.
Ғылыми жобалар
2019-2021 жылдары мамандығым бойынша «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор» республикалық картографиялық-геодезиялық кәсіпорнында тақырыптық цифрлық картография және географиялық атаулар базасының мониторингі бөлімінің басшысы қызметін атқардым.
Жарияланымдар
15-дан астам оқу-әдістемелік кешендер, силлабустар мен әдістемелік нұсқаулар шығарылды.
Менің 19-дан астам ғылыми еңбектерім, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен куәландырылған мемлекеттік тілдегі геодезия бойынша 1 оқу құралы және Қазақстан Республикасының пайдалы моделіне 1 патентім бар. Барлық ғылыми-тәжірибелік нәтижелер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда, сондай-ақ шетелдік ғылыми басылымдарда жеткілікті түрде толық қамтылған.
№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
---|