Коянбекова Сара Бариқызы
Филология ғылымдарының докторы
Профессор
Жобаларды басқару институты
Қазақ және орыс тілдері кафедрасы
Email: s.koyanbekova@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Коянбекова Сара Бариевна филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, 2018-2019, 2019-2020 жылдары «ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясының үздік оқытушысы».
1988-1994 жылдары І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде оқытушы болып жұмыс істеді. 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің оқытушысы.1996 жылы ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы мемлекеттік тіл кафедрасының аға оқытушысы, 2002 жылы доцент, кафедра бастығының орынбасары, мемлекеттік тіл бөлімінің бастығы, профессор лауазымдарында қызмет атқарды. 2021 жылдың қыркүйек айынан Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Қазақ тілі, кәсіби қазақ тілі, іскерлік қазақ тілі, сөйлеу мәдениеті, іскерлік шешендік өнер,синтаксис,стилистика пәндерінен сабақ өткізеді,34 жылдық тәжірибесі бар оқытушы,кәсіби маман.Осы жылдар ішінде ол республикалық деңгейде ҚР Ұлттық Қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоғары білікті кадрларды дайындауға өз үлесін қосты. С.Б. Коянбекова қазақ тілінің теориялық мәселелерін дамытуда және қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша мамандарды дайындады. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті жанындағы Д 14.61.27 Диссертациялық Кеңесінің мүшесі. ҚАЗТЕСТ сарапшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық құндылықтар академиясының мүшесі.
Қазақ тілінің теориялық және әдістемелік тұрғыдан зерттелуіне арналған бірқатар ғылыми еңбектердің авторы.Кәсіби қазақ тілін арнайы оқу орындарында оқыту саласында ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланды.
2 монография, 2 оқулық, 15 оқу құралы, 200-ден астам ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік мақалалардың және «Халықаралық терроризм және діни экстремизмнің негізгі ұғымдары мен терминдері» сөздігін авторлық бірлестікте дайындады. 12 екі және көптілді сөздіктерді авторлық бірлестікте дайындаудағы ғылыми жоба жетекшісі.
ҚРҰҚК академия қабырғасындағы еңбек өтілі - 28 жыл. ҚРҰҚК - нің отставкадағы полковнигі. Педагогикалық және қоғамдық жұмыстағы жетістіктері үшін ҚРҰҚК төрағасының бұйрығымен "Мінсіз қызмет еткені үшін" 1 дәрежелі, 2 дәрежелі,3 дәрежелі медальдармен және ҚРҰҚК - нің 25 жылдық мерейтой медальдарымен марапатталған. ҚРҰҚК төрағасының Алғысы, ҚРҰҚК академиясы басытығының бұйрығымен Мақтау грамоталары, ҚР БжҒМ - нің Алғыс хаты, Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТЗУ - нің ректоры бұйрығымен Құрмет грамотасымен марапаталған
Білімі
Білімі жоғары С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін бітірді. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы Тіл білімі кафедрасының күндізгі аспирантурасында оқыды. 1998 жылы «Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері теориясының қалыптасуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2002 жылы ҚР ЖАК доцент атағы берілді. 2008 жылы «Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.Жарияланымдар
1. «Ұлттық кодтың негізі – ана тілі» ҚҰ ҰҚК Хабаршы 2(32) – 2018 ж. 15 б.
2. «Кәсіби қазақ тілін оқытудағы антропологиялық және антрогогикалық мәселелер»
ҚР ҰҚК Ғылыми еңбектер №38 – 2018 ж. 32 б.
3. «Кәсіби бағдарлы терминдерді жүйелердің методологиялық негіздері»n ҚР ҰҚК Хабаршы 1(35) – 2019 ж. 236 б.
4.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЛИНГВИСТИКА: КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ОҚЫТУ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2019. №3.
5. «МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІ» «ULUSLARARASI TÜRKOLOJİ ARAŞTIRMALARI SEMPOZYUMU» Халықаралық конференция. Түркия. 2021.
6. «Сөз мәдениеті және экспрессивтік стилистика.Сөз мәдениеті:Ғылым. Білім. Әдістеме» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар. Алматы 2021ж. 7б.
7. «Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда ақпараттық технологияларды қолдану» Астана. 2021. «Білім-өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы. 17-23 бб.
8. «МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІ» Түркия. 2021. «ULUSLARARASI TÜRKOLOJİ ARAŞTIRMALARI SEMPOZYUMU» Халықаралық конференция.
9.«Тіл дыбыстарының экспрессивтік стилистикалық сипаты: Фоностилистика және дыбыстық символизм» Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті, (Хабаршысы, 2022 №3(66,100-113 б) .
10.ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«КӨПТІЛДІЛІК ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ: ТӘЖІРИБЕ, МӘСЕЛЕЛЕР, ПЕРСПЕКТИВАЛАР» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ 2022 жылы 6 бет.
11. «Қазақ тілінде жазылым дағдысын дамытуда инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері» Украина. 2022. «ТЕНДЕНЦІЇ ТА ПЕРСПЕКТИВИ РОЗВИТКУ НАУКИ І ОСВІТИ В УМОВАХ ГЛОБАЛІЗАЦІЇ» атты халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция. Конференция материалдар жинағы №75. 286-290 бб.
12. "Қазақ тілі және өркениет." краина. 2022. «ТЕНДЕНЦІЇ ТА ПЕРСПЕКТИВИ РОЗВИТКУ НАУКИ І ОСВІТИ В УМОВАХ ГЛОБАЛІЗАЦІЇ» атты халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция. Конференция материалдар жинағы №87. 286-290 бб.
12.Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері теориясын қалыптастырудағы А.Байтұрсынов тұжырымдары. «А.Байтұрсынұлы-ұлттың рухани көсемі» атты халықаралық ғыл.теориялық конф. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 10-бет (басылымда). Алматы, 2022.
13. «Көне Түркі жазба ескерткіштері парадигмаларының қазақ тіліне ықпалы», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Э.Р.Тенишев әлемі: Ғылымдағы ғұмыр», халықаралық конф. 6-бет, Алматы, 2022. 27 сәуір 28-32 б.
14. «Коммуникативтік құзыреттілікті танымдық тұрғыдан дамыту нәтижелері» Қ.И Сәтбаев оқулары 2023 ж 12 сәуір. 7 бет.
15. Exploring National Brands in the Field of Education: The Case of Kazakhstan. Journal of Social Studies Education Researchthis link is disabled, 2023, 14(2)
16. Экспрессивтік стилистиканың психолингвистикалық негіздері / Алматы: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,2022
17. Қазақ тіліндегі дыбыстық символизмдердің экспрессивті қызметі / Алматы: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,2022
18. «Экспрессивтік стилистика: Ұлттық психологиялық парадигмалар» // Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті, Маусым 2023.ТОМ-69.№2. https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/issue/view/43/50
19. «Фоностилистика: Қазақ тіліндегі аллитерация және ассонанс парадигмалалары» // Қазақ ұлттық университеті Филология сериясы. No2 (190). 2023 ISSN 1563-0323, ЕISSN 2618-0782 https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4309/2950
20. Exploring National Brands in the Field of Education: The Case of Kazakhstan // Journal of social studies education research. - 2023, 14 (2), p. 97-117
Монографиялар:
1. Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерінің зерттелу тарихынан. / Алматы: «ӨРКЕН», 2000
2. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері. / Алматы: ЛИЦ «КИЕ», 2007
Оқулықтар:
1. Қазақ тілі (Мемлекеттік қызметкерлерге арналған). / Алматы: ҚРҰҚК Академиясы, 2013
2. Кәсіби қазақ тілі. / Алматы: ҚРҰҚК Академиясы, 2000
3. Ресми іс-қағаздары. / Алматы: ҚРҰҚК Академиясы, 2016
4. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын оқыту арқылы ресми стильдік ерекшеліктерді меңгерту. / Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. Алматы, 2007 -№2
5. Халықаралық терроризм және діни экстримизмге қарсы күрес саласындағы негізгі терминдердің қазақша-орысша сөздігі / Алматы 2009, Принт баспасы 196 бет
№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
---|---|---|---|---|
1 | ЭКСПРЕССИВТІК СТИЛИСТИКА: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ КОДТАҒЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ ПАРАДИГМАЛАРЫ | Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы | Филология ғылымдары | 2024 |