Менаяков Канат Тугелевич

Менаяков Канат Тугелевич

Техникалық ғылымдар кандидаты, Запастағы Полковник

Доцент

Институттар

Әскери институт

Email: k.menayakov@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

1994-1996 жылдары – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушысы.

1996-2013 жылдары – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің әскери кафедрасының оқытушысы, цикл бастығы және әскери кафедра бастығының орынбасары.

2013 – 2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу бөлімінің әдіскері.

2015 жылы – Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасының бастығы.

2016 – 2018 – «Нархоз Университеті» Акционерлік қоғамның әскери кафедрасында аға оқытушы.

2018 – 2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының ғылыми-зерттеу бөлімінің әдіскері.

Мынадай медальдармен марапатталған: «ҚР ҚК 10 жыл», «ҚР ҚК 20 жыл», «Мінсіз қызмет үшін» III, II және I дәрежелі.

Білімі

1989 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Тау-кен факультетіне «Маркшейдерлік іс және геодезия» мамандығына оқуға түсті, 1994 жылы ҚазҰТУ қызыл дипломмен бітірді.

2002 жылы Орталық-Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

2011 жылдан бастап техника ғылымдарының кандидаты.

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл