
Оңалбек Дамира Дүйсембекқызы
Аға оқытушы
Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты
Химиялық және биохимиялық инженерия кафедрасы
Email: d.ongalbek@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
2017 – 2018 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Табиғи қосылыстар химиясы бойынша арнайы практика» зертханасында аға лаборант.
2018 ж. – «Медицина мен ауыл шаруашылығына арналған отандық өсімдік шикізатынан жаңа препараттарды бөлудің ғылыми негіздерін әзірлеу» атты АР05131716 жобасы бойынша кіші ғылыми қызметкер.
2019 – 2023 жж. – «Эйкос-Фарм» ЖШС және «Леовит» ЖШС компанияларында менеджер.
2020 – 2022 жж. – «Қазақстандағы кейбір өсімдіктер түрлерінің табиғи инфекцияларының химиялық зерттелуі және белсенділігі» жобасы бойынша кіші ғылыми қызметкер.
2022 – 2023 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті, органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасында оқытушы.
2023 – 2025 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті, іргелі медицина кафедрасында оқытушы.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Маревтер мен бұршақ тұқымдас өсімдіктерден алынатын белсенді кешенді оңтайландыру және жаңа дәрілік заттарды әзірлеу» жобасы бойынша ғылыми қызметкер.
2024 – 2025 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті, органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасында аға оқытушы.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – PhD, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің "Химиялық және биохимиялық инженерия" кафедрасының аға оқытушысы.
Марапаттар:
2016–2017 жж. – «Озат» стипендиялық бағдарламасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының стипендиясының иегері.
2017 ж. – «әл-Фараби оқулары» халықаралық конференциясында І орын иегері.
2018 ж. – Профессор Р. Дильбархановтың құрметіне арналған «Фармация ғылыми мектебінің қалыптасуы және даму перспективалары: ұрпақтар сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ІІ орын иегері.
2019 ж. – «әл-Фараби оқулары» халықаралық конференциясында ІІІ орын иегері.
Білімі
2013–2017 жж. – 5B072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бакалавриат.
2016 жылғы маусым айында Астана қаласындағы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-да өндірістік тәжірибеден өттім.
2017–2019 жж. – 5М060600 – Химия мамандығы бойынша магистратура.
2019 жылдың қаңтар айында Түркия, Мугла қаласындағы Мугла Сыткы Кочман университетінің «Химия ғылыми зертханасы» мен «Аспаптық талдау зертханасы» базасында ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өттім.
2020–2023 жж. – 5D05301 – Химия мамандығы бойынша докторантура.
2022 жылдың қаңтар–сәуір айлары аралығында Түркия, Мугла қаласындағы Мугла Сыткы Кочман университетінің «Химия ғылыми зертханасы» мен «Аспаптық талдау зертханасы» базасында ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өттім.
Жарияланымдар
[1] Арайлым Аманжолқызы, Шынар Жұмағалиева, Нұргүл Сұлтанова, Жарылқасын Әбілов, Дамира Оңалбек және т.б. Биологиялық белсенді заттарды жеткізудің гидрогельдік жүйелері: қасиеттері және ГПМЦ-ның тасымалдаушы ретіндегі рөлі Журнал: Molecules 2025, 30(6), 1354; https://doi.org/10.3390/molecules30061354
[2] Дамира Оңалбек, Бихтер Шахин, Талшын Бердеш, Мелтем Таш-Күчукайдын, Өзге Токул-Өлмез, Балақыз Ескалиева, Мехмет Өзтюрк Қазақстанның монофлоралы бал үлгілеріндегі ароматты қосылыстардың биомаркерлері: газды хроматография-масс-спектрометрия (ГХ/МС) және хемометриялық талдау Журнал: Analytical Letters(2024), (Q3 Web of science және Scopus 54%)
[3] Дамира Оңалбек, Өзге Токул-Өлмез, Бихтер Шахин, Сельчук Күчумассаайдын, Фатма Айдоғмуш-Өзтюрк, Юсуф Сыджак, Балақыз Ескалиева, Мехмет Өзтюрк Қазақстанда өндірілген қарақұмық балының химиялық құрамына және биобелсенділігіне байланысты классификациясы: хемометриялық тәсіл арқылы Қазақстанның функционалдық тағам өнімі ретінде Журнал: Food Chemistry(2024), (Q1 Web of Science және 94% Scopus) https://doi.org/10.1016/j.foodchem.2024.139409
[4] Раджиб Хоссейн, Кристина Киспэ, Расел Ахмед Хан, Абу Саим Мұхаммед Сайкат, Пранта Рэй, Дамира Оңалбек, Балақыз Ескалиева және т.б. Прополис: оның химиялық құрамы мен фармакологиялық қолданылуы туралы соңғы мәліметтер Журнал: Chinese Medicine (2022)17:100
№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
---|