Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Өтебаев Руслан Маратұлы

Өтебаев Руслан Маратұлы

Техникалық ғылымдар кандидаты

Қауымдастырылған профессор

Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты

Энергетика кафедрасы

Email: r.utebayev@satbayev.university

H-index:
1

Кәсіби өмірбаяны

2005-2015 жж. ҚазҰТУ ақпараттық технологиялар кафедрасында инженер, желі әкімшісі, бөлім меңгерушісі және директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2011 жылы кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін экологиялық таза көліктерді жасауды зерттеуге кірісті. 2015 жылы ол электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын өндіру технологиясын әзірледі. 2011-2019 жж. ҚазҰТУ робототехника кафедрасының оқытушысы. 2015-2016 жылдары М.Тынышпаев атындағы ҚазАТК радиотехника және телекоммуникациялар кафедрасын басқарды. 2016 жылдан бері «ПолиТех Электроникс» ЖШС-де бұрын әзірленген технология негізінде электромобильдерді зарядтау станцияларын жасап келемін. 2019-2022 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ технопаркінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы жаңа технологияларды зерттеу және әзірлеумен айналысты. 2022 жылдан бастап Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ энергетика кафедрасының қаумдастырылған профессоры.

Білімі

Жоғары, 2000-2005 жж., Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Автоматика және басқару жүйелері факультеті, Электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру кафедрасы, инженер. Аспирантура, 2005-2008 жж., Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Робототехника кафедрасы Техника ғылымдарының кандидаты. Диссертация тақырыбы: «Роботтардың атқарушы электр жетектерін диагностикалауда компьютерлік құралдарды қолдану», 2010 ж., Академик У.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машина жасау Институты, ОД 53.02.01 бірлескен диссертациялық кеңесі