Сағатова Ләйла Бақытжанқызы
Техника ғылымдарының магистрі
Аға оқытушы
М.Тынышбаев атындағы көлік инженериясы және логистика мектебі
"Көлік инженериясы" бағыты
Email: l.sagatova@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
2023 жылдан бастап М. Тынышбаев атындағы Көлік инженериясы және логистика мектебінің "Көлік инженериясы" бағыты бойынша аға оқытушы.
2021-2023 жж. - "Технологиялық машиналар және көлік" кафедрасының лекторы, техника ғылымдарының магистрі (докторант).
2020-2021жж. - "Технологиялық машиналар, көлік және логистика" кафедрасының тьюторы, техника ғылымдарының магистрі.
2019-2020 жж. «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының ассистенті, техника ғылымдарының магистрі.
2015 жылы «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығы бойынша "М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын" «үздік» бітірді.
Сол жылы «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсті. Магистратурада оқып жүрген кезінде Ташкент теміржол инженерлері институтында (Ташкент қ.) 10 күндік машықтанудан өтті. Магистратурада оқу барысында 1 мақала жарық көрді.
2015 жылдан бастап Тау-кен металлургия институтының «Тау-кен металлургиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасында инженер болып жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сәтбаев университетінің Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институты дирекциясының бас менеджері, 2019 жылдан бастап «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының қосымша ассистенті.
2020 жылы «Металл фибраның геометриялық параметрлерінің фибробетонның механикалық сипаттамасына әсері» атты бір мақала жарияланды ("Сатпаев оқулары - 2020" Сәтбаев оқуларының еңбектері, I Том, Алматы 2020 жыл)
Келесі пәндер бойынша сабақтар өткізілді: Технологиялық машиналардың техникалық жағдайының мониторингі (тәжірибелік сабақ), Тау-кен жұмыстарын механикаландыру құралдарының даму болашақтары (тәжірибелік сабақ), Сорғы қондырғылары мен құбыржол арматураларын жөндеу және пайдалану технологиясы (тәжірибелік сабақ), Технологиялық машиналар мен жабдықтарды басқаруды автоматтандыру ( тәжірибелік сабақ), Металлургиялық машиналарды майлау (зертханалық сабақ), Технологиялық машиналар мен жабдықтардың конструкциялық материалдары машиналарды майлау (зертханалық сабақ), А ж К көтеріп-тасымалдайтын техникалар, Көтеру-тасымалдау машиналары, Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары (зертханалық сабақ), Тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру (тәжірибелік сабақ), Өндірістік көлікті жобалау.
Білімі
2011-2015 жж. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, мамандығы: «Көлік техникасы және технологиясы», дәрежесі: Техника және технологиялар бакалаврі
2015-2017 жж. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, мамандығы: «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану», дәрежесі: Техника ғылымдарының магистрі
2020-2023 жж., Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, мамандығы: 8D07110 - «Машиналар мен жабдықтардың сандық инженериясы»
Жарияланымдар
1. Л.Б. Сағатова, «Организация экплуатационной работы на участках Кызылорда - Саксаульская - Жезказган» , «Өнеркәсіптік көліктің даму жолдары мен проблемалары» ЖОО аралық ғылые еңбектер жинағы, №47 шығарылым, Алматы 2017 жыл.
2. Е. Р. Рыскалиева, С.А. Бортебаев, Л. Б. Сагатова, «Металл фибраның геометриялық параметрлерінің фибробетонның механикалық сипаттамасына әсері» "Сатпаев оқулары - 2020" Сәтбаев оқуларының еңбектері, I Том, 620-624 б, Алматы 2020 жыл.
5. Л.Б. Сағатова, С.А.Бөртебаев, К.К. Елемесов, Д.Д.Басканбаева, "Сорғы жабдығының техникалық жай-күйіне мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу" Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Инновациялық технологиялар және инженерия" XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектер жинағы 361-364 бет, Теміртау 2021.
6. Л.Б. Сағатова, С.А.Бортебаев, А.Д. Кольга, И.Н. Столповских, "Металлургиялық кәсіпорындарды сумен жабдықтау жүйелерінде бекіту-реттеу арматурасы жұмысының тиімділігін арттыру", "Қазақстан өнеркәсібінің инновациялық дамуы: мәселелері мен шешімдері "халықаралық ғылыми-практикалық конференция еңбектерінің жинағы –" Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ " КЕАҚ, Алматы: SU, 2022,18-24 бет. 1-СЕКЦИЯ: "ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ"
№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
---|