Шабденова Құралай Жанжолқызы
Филология ғылымдарының кандидаты
Қауымдастырылған профессор
Жобаларды басқару институты
Қазақ және орыс тілдері кафедрасы
Email: k.shabdenova@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Шабденова Құралай Жанжолқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қазақ және орыс тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Құралай Жанжолқызы еңбек жолын 1995-2019 жж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасында оқытушы қызметінен бастады. 1996-2000 жылдар аралығында кафедраның кәсіподақ комитетін басқарды. 2004 жылы қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарды. 2015-2018 жылдар аралығында сырттай оқитын студенттердің кейстеріне жауапты болды. ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің бұйрығымен (бұйрық №1568, 29.11.2012 ж) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және (бұйрық №84, 25.10.2013) Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеттерінде мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамында болды.
Қ. Шабденованың ғылыми-педагогикалық қызметінің жалпы өтілі 28 жыл.
Құралай Жанжолқызы оқу құралдардың, әдістемелік нұсқаулықтардың, авторлық құқық обьектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, электрондық оқу құралының, мультимедиялық презентациялар мен слайд-лекциялардың, монографияның, ғылыми мақалалардың авторы.
Білімі
Жоғары. Филология. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 1994
Кандидаттық диссертация. "Жоғары оқу орындарының студенттеріне кәсіби қазақ тілін кредиттік технология арқылы үйрету" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, «Қазақ тілі» (шифр 13.00.02) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды, 2010
Жарияланымдар
1. Tulebike Kulgildinova- Aigul Zhumabekova- Kuralay Shabdenova- Laila Kuleimenova- Perizat Yelubayeva «Bilingualism: language policy in modern Kazakhstan». XLinguae European Scientific Language Journal. Volume 11, Issue 1, January 2018, ISSN 1337-8384, eISSN 2453-711X.
2. «Техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне қазақ тілін кәсіби мәтіндер арқылы меңгерту жолдары» ЕТУ, Алматы, 2019ж.
3. Монография «Жоғары оқу орындарының студенттеріне кәсіби қазақ тілін кредиттік технология арқылы үйрету» - Қарағанды, 2014.-149б. ISBN 978-601-296-611-4
4. Кәсіби қазақ тілі (5В071600 «Аспап жасау» мамандығының студенттеріне арналған) – Қарағанды,2018.-76б. ISBN 978-601-315-508-1
№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
---|