Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Шукманова Анар Абильхановна

Шукманова Анар Абильхановна

Ph.D. докторы

Қауымдастырылған профессор

Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

Мұнай инженериясы кафедрасы

Email: a.shukmanova@satbayev.university

Кәсіби өмірбаяны

Шукманова Анар Абильхановна, 1969 жылы 27 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.

2006ж. Қазақстан, Алматы. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша «Мұнай және газ» институты;

2009ж. Магистратура, Қазақстан, Алматы. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. 6N070800 – «Мұнай және газ ісі» мамандығы;

2015ж. Докторантура, Қазақстан, Алматы. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. 6D070800 – «Мұнай және газ ісі» мамандығы;

Екінші жоғары білім – 2019-2021жж., Қазақстан, Алматы. Каспий қоғамдық университеті. Ұйымдастыру психологиясы мамандығы.

2007-2009жж. «Мұнай және газ» институтының «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» кафедрасының зертхана меңгерушісі;

2009-2010 жж. Қ.Тұрысов атындағы «Геология және мұнай газ ісі» институтының, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» кафедрасының оқытушысы.

2010ж. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қ.Тұрысов атындағы «Геология және мұнай газ ісі» институтының деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2011-2012жж. «Мұнай және газ» институтының «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» кафедрасының аға оқытушысы;

2016-2017 жж. «Мұнай және газ ісі» мамандығы бойынша Каспий қоғамдық университетінің доценті, PhD докторы;

2017-2018 жж. Каспий қоғамдық университетінің «Жоғары инженерлік мектебінің» деканының м.а.;

2018-2022 жж. Каспий қоғамдық университетінің «Геология, мұнай-газ ісі және IT-технологиялар» институтының деканы;

2017-2019жж. Каспий қоғамдық университетінің «ERASMUS+» бағдарламасы бойынша «Микроэлектроникадағы екі деңгейлі инновациялық бағдарламаны әзірлеу» жобасының үйлестірушісі. Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасының негізін қалаушы, DOCMEN;

2020 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне енгізілген НАОКО Каспий қоғамдық университетін институционалдық аккредитациялауға қатысу;

2021 жылдың маусымында бағдарламаның аккредиттеуден өтуі:

•  OБ-7M07244 «Мұнай инженериясы»;

• ОБ-7М07246 «Геология және табиғи ресурстарды барлау» (магистратура);

•  OБ-6V07222 «Мұнай инженериясы»;

•  ОБ-6В07223 «Геология және табиғи ресурстарды барлау» (бакалавр) НАОКО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің реестріне енгізілген.

2016 жылдан 2022 жылға дейін 10-нан астам магистранттың ғылыми жетекшісі болды.

Қазіргі уақытта Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ оқу-әдістемелік бірлестігінің – Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің жобаларды басқару тобының бас менеджері қызметін атқарамын.

Білімі

2006ж. Қазақстан, Алматы. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша «Мұнай және газ» институты;

2009ж. Магистратура, Қазақстан, Алматы. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. 6N070800 – «Мұнай және газ ісі» мамандығы;

2015ж. Докторантура, Қазақстан, Алматы. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. 6D070800 – «Мұнай және газ ісі» мамандығы;