Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Сундеткалиева Камия Ахметовна

Сундеткалиева Камия Ахметовна

Аға оқытушы

Жобаларды басқару институты

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Email: k.sundetkaliyeva@satbayev.university

Кәсіби өмірбаяны

А.Машани атындағы базалық білім беру институты қазақ және орыс тілі кафедрасының оқытушысы, дәріскер.

Біліктілігі - орыс тілі және әдебиеті мұғалімі.

Өзінің педагогикалық қызметін 1991 жылы орыс тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық орта мектебінде бастады. 1993 - 1996 жылдар аралығында БҚО Орал қ. техникалық училищесінің мұғалімі. 1998-2003 жылдар аралығында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ГжМГІИ операторы. 1998-2003 жылдар аралығында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ орыс тілі кафедрасының мұғалімі әрі лаборанты. 2009-2011 жылдар аралығында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ орыс тілі кафедрасының мұғалімі. 2010-2012 жылдар аралығында ҚР ҒА М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері. 2009 жылдан бастап осы күнге дейін Сәтбаев университеті Жобаларды басқару институты, қазақ және орыс тілі кафедрасының оқытушысы.

Білімі

1) 1986-1991 жж. Т.Г. Шевченко атындағы Орск мемлекеттік педагогикалық институты, филология факультеті, «Ұлттық мектептегі орыс тілі және әдебиеті» мамандығы. Біліктілігі - орыс тілі және әдебиеті мұғалімі.

2) 2002-2006 гг. ҚР ҰА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, әлем әдебиеті және халықаралық қатынастар бөлімі, аспирантура, сырттай бөлім.