Тлеш Дулат Әлмаханұлы
Ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі
Ассистент
Сәулет және құрылыс институты
Инженерлік жүйелер мен желілер кафедрасы
Email: d.tlesh@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Тілеш Дулат Әлмаханұлы 2019 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды, ал 2021 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "IT-технологияларын пайдалана отырып, су ресурстарын басқару" мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
2021 жылдан бастап Т.К. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының "Инженерлік жүйелер және желілер" кафедрасында ассистент болып жұмыс істейді.
Білімі
1. 2015-2019 жж. - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу университеті; Т.Бәсенов атындағы Сәулет және Құрылыс институты; 5В080500 - «Су ресурстары және суды пайдалану»
2. 2019-2021 жж. - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті; Су, жер және орман ресурстары факультеті; 7M08601 - «IT-технологияларын пайдалана отырып су ресурстарын басқару»
Жарияланымдар
1.Тлеш Д.Ә., Таиров А.З. «Жайық өзенінің арналық процестері және оның аумақтағы гидроэкологиялық жағдайына тигізетін әсері» Халықаралық магистрлік жазғы мектеп, аясында өткен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЖИНАҒЫ, Алматы қ., 26.05.2020 ж. – 09.06.2020 ж., 153 – 156 б.
2. Таиров А.З., Тлеш Д.Ә. «Жайық өзені арнасының тұрақтылығын бағалау», Ізденіс № 1/2021, 201– 206 б.