Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Тұрсынбаева Арайлым Нуртасқызы

Тұрсынбаева Арайлым Нуртасқызы

Аға оқытушы

М.Тынышбаев атындағы көлік инженериясы және логистика мектебі

"Көлік инженериясы" бағыты

Email: a.tursynbayeva@satbayev.111

H-index:
1

Кәсіби өмірбаяны

Мен еңбек жолымды 2017 жылы «Kazakhstan Motor City» ЖШС-інде бас директордың ассистенті қызметінен бастадым (2017–2018). Бұл қызметте басқарушылық процестерді ұйымдастырушылық және әкімшілік тұрғыдан сүйемелдеп, есептік құжаттаманы дайындаумен және компанияның ішкі үдерістерін үйлестірумен айналыстым.

2018 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетіне жұмысқа қабылданып, әскери-мобилизациялық бөлімнің маманы қызметін атқардым (2018–2019). Осы кезеңде студенттердің әскери есепке алынуын жүргізіп, әскери комиссариаттармен өзара іс-қимыл жасап, нормативтік талаптардың орындалуын қамтамасыз еттім.

2019–2020 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің Студенттік мәселелер жөніндегі департаментінде жетекші маман болып жұмыс істедім. Бұл қызметте білім беру процесін сүйемелдеу және студенттермен жұмыс жүргізу бағытында қызмет атқардым.

2020–2021 жылдары Корпоративтік менеджмент және басқару бөлімінің бас маманы лауазымында болып, ұйымдық-басқарушылық және талдамалық қызметтерді жүзеге асырдым.

2020 жылдан бастап оқытушылық қызметті қоса атқару негізінде бастадым, ал 2021 жылдан бері негізгі штаттағы оқытушы ретінде еңбек етіп келемін. Оқытушылық қызмет аясында оқу сабақтарын өткізіп, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеймін және білім беру бағдарламаларын іске асыруға қатысамын.

2025 жылдан бастап осы қызметіммен қатар ИРН AP26199207 — «Остеосинтезге арналған персоналдандырылған және унификацияланған пластиналарды биоинженерлік цифрлық жобалау және инновациялық өндіру» тақырыбындағы гранттық ғылыми жоба аясында ғылыми қызметкер ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін.

Білімі

2014–2018 жж. — 5В073800 «Материалдарды қысыммен өндеу технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры дәрежесі берілді, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті.

2019–2021 жж. — 7М07102 «Аддитивті өндіріс» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистрі дәрежесі берілді, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті.

Ғылыми жобалар

AP26199207 — «Биоинженерлік цифрлық дизайн және остеосинтезге арналған жекелендірілген және біріздендірілген пластиналарды инновациялық өндіру». Жобада 2025 жылдан бастап ғылыми қызметкер.

Жарияланымдар

1. Madina Isametova,Rollan Nussipali ,Gulbarshyn Smailova,Layla Sabirova, Layla Sabirova,Arailym Tursynbayeva,Laila Sagatova ,Denis Tkachenko Nazym Saidinbayeva. Development and Verification of a Centrifugal Pump Rotor Model Based on Integrated Multibody Dynamics in the ADAMS Environment https://doi.org/10.3390/app15169132

2. Issametova M. Martyushev N.V. Abilkaiyr Zh.  Sabirova, L.B. Uderbayeva A. Tursynbayeva A. Abilezova, G. Determination of Residual Stresses in 3D-Printed Polymer Parts. Article . Polymers 2024, 16(14), 2067; JIF 4.7. Polymer science - Q1. SCIE (2023). Polymers and Plastics – 80% https://www.mdpi.com/2073-4360/16/14/2067

3. Abilezova G. Isametova M. Tursynbayeva A. Seiitkazy N. Research of Residual Stresses in Polymer Parts Using the Combined Bridge Curvature and Optical Scanning Method. Mechanisms and Machine Science, 2024, 167 MMS, страницы 178–189. CiteScore 0.7. Mechanical Engineering – 15% процентиль https://www.researchgate.net/publication/383211064_Research_of_Residual_Stresses_in_Polymer_Parts_Using_the_Combined_Bridge_Curvature_and_Optical_Scanning_Method

4. Uderbayeva, Asemgul, Smailova Gulbarshyn A. Tursynbayeva A. Numerical simulation of mechanical properties of composite materials. AIP Conference Proceedings Conference. https://www.scopus.com/pages/publications/85209664182?origin=resultslist#

5. Tokmurzina-Kobernyak, Natalyaa; Tursynbayeva, Arailym; Sagatova, Lailaa; Shurenov, Maratb; Kurbenova, Assel. INDICATORS OF THE DYNAMIC INTERACTION OF THE TRACK AND FREIGHT WAGONS WITH INCREASED AXIAL LOAD. Communications - Scientific Letters of the University of Zilina 2025. https://komunikacie.uniza.sk/artkey/csl-202503-0003_indicators-of-the-dynamic-interaction-of-the-track-and-freight-wagons-with-increased-axial-load.php

6. Bondar, Ivan. Abdullayev, Seidulla. Tursynbayeva, Arailym. Abdullayeva, Asel. Auyesbayev, Yerlan. IDENTIFYING THE STRESS-STRAIN STATE OF RAILROAD OVERPASS SPANS. Eastern-European Journal of Enterprise Technologies 2025. https://www.scopus.com/pages/publications/105011663940?origin=resultslist

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл
1 Разработка технологического процесса 3D печати матрицы для гибки листового металла композитными гранулами Торайғыров университетінің хабаршысы. Энергетикалық сериясы Энергетика 2025
2 Application of rapid prototyping technology in pump engineering «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар және технологиялар сериясы» Сәулет және құрылыс саласы бойынша 2023