Юсупова Куралай Сериковна

Юсупова Куралай Сериковна

Техника ғылымдарының магистрі

Аға оқытушы

М.Тынышбаев атындағы көлік инженериясы және логистика мектебі

«Логистика» бағыты

Email: k.yussupova@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

Юсупова Куралай Сериковна 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті, машина жасау факультеті, «Материалтану және жаңа  материалдар технологиясы» мамандығын аяқтады.

2014 – 2015 жылдары Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу универститетінде Өнеркәсіптік инженерия институтының «Көтеру-тасымалдау машиналары және гидравлика» кафедрасында біліктілігі жоғары деңгейдегі инженер қызметін атқарды.

2015 - 2017 жылдары Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу универститетінің магистратурасын 6М071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша аяқтап, «техника ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алды.

2017 – 2020 жылдары М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мұнай, газ және механика» факультетінде  «Машиналар және жабдықтар» кафедрасының оқытушысы, 2020 – 2022 жылдары аға оқытушысы қызметін атқарды.

2022 жылғы қыркүйектен осы уақытқа дейін Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің Жобаларды басқару институтының 8D11301 – «Көлік қызметі» оқу бағдарламасы бойынша докторант ретінде білім алуда.

Білімі

2003-2008жж Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті, Машина жасау факультеті,  мамандығы Материалтану және жаңа  материалдар технологиясы.

 Магистратура - 2015-2017жж  Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу универститеті, Өнеркәсіптік инженерия институты,   6М071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар»

Ғылыми жобалар

Br21882292 тақырыбы бойынша: "тұрақты құрылыс саласын интеграцияланған дамыту: инновациялық технологиялар, өндірісті оңтайландыру, ресурстарды тиімді пайдалану және технологиялық парк құру". 2023 жылғы 1 қазаннан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге арналған "құрылыс саласы кәсіпорнының ішкі және сыртқы логистикалық бизнес-процестерін жоспарлау және оңтайландыру" 7-міндетін орындау жөніндегі ғылыми қызметкер.

Жарияланымдар

Жакия  А. Юсупова К.С. Кен қазғыш машиналардың негізгі өлшемдерінің жұмыс құралының бұрыштық өлшемдерімен байланысы  XVII Международна научна практична конференция «Новината за напреднали наука – 2022», 17 - 25  май  , 2022 г.София, « Бял ГРАД-БГ » - 64 c.
Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл