Жаксылыкова Мөлдір Жұмабайқызы
Техника ғылымдарының магистрі
Ассистент
Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты
Мұнай инженериясы кафедрасы
Кәсіби өмірбаяны
Мөлдір Жұмабайқызы Жақсылықова 1986 жылы 20 қыркүйекте Қазақстан, Алматы облысында дүниеге келген.
2008 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің бакалавриат бағдарламасы бойынша «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша университетімізді бітірді.
2010 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Мұнай және газ инженериясы» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Ол екі рет «Шеврон» стипендиясының иегері атанды.
2010-2015 жж. Мұнай және газ институтының мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану кафедрасының ассистенті; Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.
2015-2016 жж. Мұнай және газ институтының «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» кафедрасының оқытушысы; Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.
2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін. Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының «Мұнай инженериясы» кафедрасының ассистенті, Сәтбаев университеті.
Жарияланымдар:
1. Ph.D. Төлеген Г.А., магистр Болсынбекова Ш.Д., магистр Омарова М.О., магистр Жақсылықова М.Ж. «Су-мұнай эмульсияларының тұтқырлығына әртүрлі факторлардың әсер ету ерекшеліктері» 2015 ж.
2. Т.Қ. Ахмеджанов, Г.Ж. Молдабаева, Б.М. Нұранбаева, М.Ж. Жақсылықова «Каспий теңізінің қайраңындағы мұнай және газ кен орындарын инновациялық әдістерді қолдану арқылы игеру» 2011 ж.
Білімі
2004-2008 жылдары - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, бакалавр, мамандығы: «Мұнай-газ ісі».
2008-2010 жылдары – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, магистратура, мамандығы: «Мұнай-газ ісі».
№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
---|