Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Жетыбаева Шынар Русланқызы

Жетыбаева Шынар Русланқызы

Оқытушы

Жобаларды басқару институты

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Email: s.zhetybayeva@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

Жетыбаева Шынар Русланқызы — педагогика ғылымдарының магистрі, филолог. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ресей халықтар достығы университетінің (РУДН, Мәскеу) филология факультеттерін тәмамдаған.

Кәсіби еңбек жолын 2018 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде бастаған, онда 2021 жылға дейін орыс тілі пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарған. 2021–2025 жылдары Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (IITU) тілдік білім беру саласында оқытушылық және әдістемелік қызметпен айналысқан.

2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде орыс тілі пәнінің оқытушысы ретінде еңбек етеді.

Кәсіби қызығушылықтарының саласына тіл оқыту әдістемесі, мәдениетаралық коммуникация және заманауи білім беру технологиялары кіреді.

Білімі

Бакалавриат: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультеті (2012–2016)

Магистратура: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультеті (2016–2018) Ресей халықтар достығы университеті (РУДН, Мәскеу) Филология факультеті (2016–2018)

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл