Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Жупаргалиева Ажаргул Исембаевна

Жупаргалиева Ажаргул Исембаевна

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Аға оқытушы

Жобаларды басқару институты

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Email: a.zhupargaliyeva@sabayev.111

Кәсіби өмірбаяны

Жупаргалиева Ажаргул Исембаевна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 20 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары білікті маманы, филология магистрі.

Ажаргул Исембаевна еңбек жолын 1998 жылы «Айбөбек» облыстық балалар қорында референт-хатшы қызметінен бастаған. 1999 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептерде, кейін 2001 жылдан бері жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытумен айналысып келеді. 2001 жылдан – 2019 жылға дейін Атырау мұнай және газ институтында, 2019 жылдан – 2022 жылға дейін «APEC Petro Technic» жоғары колледжінде, 2022 жылдан – 2025 жылға дейін Нархоз университетінде аға оқытушы қызметін атқарған. Қазіргі уақытта 2025 жылдың қазан айынан бастап Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады.

Осы жылдарда жоғары оқу орындарында түрлі деңгейдегі студенттерге сабақ беріп, білім алушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру, тілдік дағдыларын жетілдіру бағытында  еңбек етіп келеді. Сабақ беру тәжірибесі қарапайым қазақ тілі (A1) деңгейінен бастап, ең жоғары тілдік деңгейлерді толық қамтиды. Сонымен қатар, «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» тәжірибесі де бар, сондықтан көптілді аудиториямен де тиімді жұмыс жасай алады. Оқыту процесінде бірнеше оқу-әдістемелік кешендер, оқу бағдарламаларын, электрондық оқу материалдарын, оқу-әдістемелік құралдар және техникалық мамандықтарға арналған сөздіктер әзірлеген. Бұл материалдары студенттердің кәсіби салада қазақ тілін еркін қолдануына ықпал етіп келеді. Ұстаздың жетекшілігімен студенттер республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми конференцияларда жүлделі орындарға ие болған. Сабақтарында студенттердің тілге деген қызығушылығын арттыруға, белсенділігін дамытуға бағытталған заманауи әдістер мен цифрлық технологияларды тиімді қолданып, студенттердің тілдік және мәдениетаралық құзыреттерін қалыптастыруға айрықша мән береді. Әсіресе, Liberal Arts – (еркін өнер және ғылымдар жүйесі) әдісін сәтті енгізіп жүр. Бұл тәсіл пәнаралық байланысты күшейтіп, қазақ тілі тапсырмаларын студенттің мамандығымен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс бойынша студенттердің мамандықтарына қатысты мәтіндерді талдатып, жоба жасатады.

Кәсіби дамуға ерекше көңіл бөліп, үнемі біліктілігін арттыру курстарына, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып отырады.

Еңбектегі жоғары көрсеткіштері мен оқу-тәрбие үдерісіне қосқан үлесі үшін бірнеше дипломдармен, алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталған.

Ажаргул Исембаевна – жауапкершілігі жоғары, жаңашылдыққа ұмтылатын, оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен қолдана білетін тәжірибелі педагог.

Білімі

Жоғары. Филология.

Бакалавриат - Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті,

1994 – 1998 ж. Біліктілігі: ұлттық мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Магистратура – Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті,

2004 – 2006 ж. Филология магистрі

Ғылыми жобалар

Жупарғалиева Ажаргул Исембаевна студенттерді ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобаларға жүйелі түрде дайындайды. Ғылыми жетекші ретінде білім алушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыруға, ғылыми ойлау мен талдау қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Оның жетекшілігімен студенттер түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, үздік баяндамалар жасап, жүлделі орындарға ие болған. Студенттер ғылыми байқауға қатысу арқылы ғылыми белсенділіктерін арттырып отырады.

Ұстаз студенттерді зерттеу тақырыбын таңдаудан бастап, жоба жазу, баяндама дайындау және қорғау кезеңдеріне дейін бағыттап, ғылыми мәдениеттерін қалыптастыруға зор үлес қосып келеді.

Жарияланымдар

Жупаргалиева Ажаргул Исембаевнаның ғылыми және әдістемелік бағыттағы мақалалары халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ғылыми жинақтарында жарияланған. Жарияланымдары қазақ тілін оқыту әдістемесі, кәсіби қазақ тілі, лингводидактика, коммуникативтік құзыреттілік және цифрлық білім беру технологиялары тақырыптарын қамтиды.

«Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдістері» – Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Алматы, 2023 ж.

«Кәсіби бағытта қазақ тілін оқытудың инновациялық тәсілдері» – Нархоз университетінің ғылыми журналында, Алматы, 2023 ж.

«Оқытудағы цифрлық технологиялардың маңызы», Хабаршы, Атырау, 2022 ж.

«Тілдік тұлға қалыптастырудағы коммуникативтік бағыт» – Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Қостанай, 2022 ж.

«Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мәселелері» атты Республикалық педагогикалық оқулар, Алматы,2021 ж.

«Қазақ тілін оқытуда заманауи әдістемелерді қолдану тәжірибесі» Хабаршы, Атырау, 2021 ж.

«Мамандыққа бағытталған қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері», Атырау мұнай және газ университетінің ғылыми еңбектер жинағы, 2021 ж.

«Қазақ тілін оқытуда мультимедиялық ресурстарды пайдалану» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, 2021 ж.

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл