ГжМГіи зертханалық орталығы

Химиялық синтез және мұнай өндіру зертханасы тау жыныстарының фильтрациялық-сыйымдылық қасиеттерін анықтауға қажетті, сондай-ақ мұнайды сумен және химиялық реагенттермен ығыстыруды модельдеуге қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Зертхана Қазақстан кен орындарында мұнай өндіруді ұлғайтудың оңтайлы химиялық әдістерін (полимерлік, ББЗ, сілтілі су басу) іріктеу, сондай-ақ төмен минералданған және Smart су басу тиімділігін анықтау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Сондай-ақ зертхана ұңғымаларды гелеполимерлі өңдеудің тиімділігін анықтау (қабылдау профилін теңестіру және су ағынын шектеу бойынша) жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Қазіргі кезде зертхана «Айранкөл» кен орнының «№ ОЦ-257, № ОЦ-258, № ОЦ-259 ұңғымаларынан мұнайдың, газдың және судың беткі сынамаларының физикалық-химиялық қасиеттерін талдау және тау жыныстарын кешенді зерттеу (стандартты және арнайы талдау)» туралы шарт бойынша жұмыс жүргізуде. Аталмыш жоба «Каспий мұнай» АҚ-ның тапсырысы бойынша «СТРАТУМ КЭР» ЖШС-мен бірлесіп жүргізілуде. Химиялық синтез және мұнай өндіру зертханасында мұнайды химиялық реагент ерітінділерімен ығыстыруды модельдеу жөнінде талдаулар жүргізіледі, ал қалған жұмыстар «СТРАТУМ КЭР» кәсіпорнында жүргізіледі.

Білім беру бағдарламалары
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту